Бұл жазба автоматты түрде аударылған. Бастапқы тіл: Орысша
Аңдатпа: бұл мақалада Жасанды Интеллектті (әрі қарай ЖИ) қолдану ауқымындағы баспа жұмысының жеңілдеуі қарастырылады. ЖИ-тің иллюстрация саласында өзгеше шығармашылық стиль тудыруы мен оның қолдану тәсілдері пайымдалады. Бұдан бөлек ЖИ-тің иллюстрациядағы жаңаша визуал жасаудағы мүмкіндігімен баспа саласында қолданылуы зерттелген. Жұмыста жасанды интеллектің DALL-E, Mid Journey, Adobe Firefly жүйелерісияқты жаңаша технология түрлері туралы айтылған, олар жасаушының жұмысын жеңілдете, графикалық материалдар жасауға көмектеседі. Сонымен қатар, авторлық құқық және этикалық проблемалар секілді мәселелерді көтереді.
Түйін сөздер: иллюстрация, жасанды интеллект, DALL-E, Mid Journey, Adobe Firefly,баспа ісі, авторлық құқық, технология, Фолиант.
Кіріспе
Қазіргі жаңа заманда жасанды интеллект (ЖИ) технологиялары әртүрлі салаларда үлкен үлес әкелді, соның ішінде өнер мен баспа индустриясында үлкен серпіліс жасады. Иллюстрация жасау ЖИ-дің ерекше дамыған қызметтерінің бірі, ол шығармашылық жұмысты автоматты түрде жасауға мүмкіндік береді. Бұрын иллюстрациялар толығымен адамның қиялы мен қол еңбегіне негізделсе, бүгінде бұл қызметті нейрондық желілер мен арнайы алгоритымдық жүйелерге негізделеген технологиялар жасауда. Бұл технологиялар графикалық материалдарды жылдам және сапалы жасауға жол ашып қана қоймай, сонымен бірге жаңа стильдер мен идеяларды жүзеге асыруға мүмкіндік береді. DALL·E, Mid Journey және Adobe Firefly сияқты ЖИ жүйелері иллюстрация жасаудағы озық көмекшілер қатарына енді. Олар күрделі тапсырмаларды жеңілдетіп, дизайнерлер мен суретшілердің шығармашылық қабілетін айқындап қана қоймай, жаңа ойлар мен бағыттар да ұсынады. Осы технологиялар мәтіндік сипаттамаға негізделе отырып, бірегей графикалық бейнелер жасайды, бұл әсіресе баспа саласындағы иллюстрацияға жаңаша леб пен көзқарас әкелді.Сонымен қатар, ЖИ-дің иллюстрация саласына енуі бірқатар этикалық және құқықтық сұрақтарды да туындатып отыр. Авторлық құқық мәселелері, жасалған жұмыстардың түпнұсқалығы мен этикалық шекараларды сақтау сияқты аспектілер технологияның шексіз мүмкіндіктерімен қатар шешуді қажет ететін міндеттерді де алға қойды. Бұл мақалада ЖИ-дің иллюстрация жасаудағы рөлі мен мүмкіндіктері, соның ішінде DALL·E, Mid Journey және Adobe Firefly сияқты жүйелердің қолданылуы зерттеледі. Сондай-ақ, ЖИ технологияларын қолданудың артықшылықтары мен кемшіліктері талданып, олардың баспа индустриясына тигізетін әсері сарапталады. Жұмыстың басты мақсаты — ЖИ негізіндегі иллюстрациялардың болашағын бағалау және осы технологияның шығармашылық пен өндірістік үдерістерді қалай өзгертетінін көрсету.
Негізгі бөлім
Жасанды интеллект (Artificial intelligence - AI) - бұл әдетте адамның интеллектуалды қабілетін қажет ететін тапсырмаларды орындауға қабілетті бағдарламалар мен жүйелерді құрумен айналысатын технологиялық құрал. [1] ЖИ жалпы алғанда адам өміріндегі өзгеріске әкелеген ерекше технологиялардың бірі. Бұл нейрондық жүйе тек білім, ақпарат тарату,деректерді өңдеу секілді қызметтерден бөлек шығармашылық бағытта да көмекші. Соның ішінде жасанды интеллект технологиялары соңғы жылдары өнер мен шығармашылық саласына айтарлықтай ықпал етіп, жаңа мүмкіндіктер ашты. Мысалы, DALL-E, Mid Journey және Adobe Firefly сияқты жүйелер мәтіндік сипаттамалардан графикалық бейнелер жасауға мүмкіндік береді. Бұл технологиялар иллюстрация жасауды автоматтандырып, шығармашылық процестерді жылдамдатты. Әсіресе DALL-E жүйесі әртүрлі тақырыптарға сәйкес бейнелер жасауды жеңілдетеді және шығармашылық шекараларды кеңейтеді деп береді. Бұл нейрондық қызметтердің ерекшелігі мен атқаратын қызметтері бар.
DALL-E – бұл нейросетьтердің бірі, ол мәтіндік сипаттама бойынша сапалы бейнелер жасауға қабілетті. Жүйены қолдану тегін және қолдану барысында кез келген компьютерде жұмыс жасауға тиімді. Одан бөлек редакторлық қызмет атқаруға көмектеседі. [3]
Mid Journey – бұл жасанды интеллект және машина оқытуы технологияларын қолданатын жаңа және инновациялық компания. Оның негізгі өнімі — бұл AI негізінде жұмыс істейтін визуалды контент жасау платформасы, ол қолданушыларға өздерінің идеяларын визуалды түрде жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Midjourney-дің мақсаты — өнер және дизайн салаларындағы шығармашылық процестерді жеңілдету және жаңарту. [4]
Adobe Firefly – бұл инновациялық бағдарламалық құрал пайдаланушыларға жай теру арқылы бейне мазмұнын жасауға мүмкіндік береді. Adobe компаниясының шығармашылық құралдарының кең жинағына қоса отырып, Firefly пайдаланушыларға AI арқылы жасалған бейнені кәдімгі бейнемен біріктіруге мүмкіндік береді, бұл оны әсіресе медиа мамандары үшін тартымды етеді. [5]
Жалпы алғанда қазірде кез келген бағытқа салаға мысалы кино индустриясынада, медиа,жарнама,әлеуметтік желі секілді бағытта жасанды интеллект турлері айтарлықтай көп Тек оны қолдану тәсілдерін анақтаса болғаны
Баспа ісіндегі жасанды интеллектің қызметі мен әсері
ЖИ технологиялары өзге салалардан бөлек баспа ісінде де айтарлықтай ықпалын тигізе, иллюстрация жасау процесіне жаңа бағыт берді.Баспа ісінің дизайн немесе визуалды графикалық кескіндемелері ЖИтехнологиясының көмегімен шығармашылық еркіндікке қол жеткізуде. Сонымен қатар, бұл нейрондық жүйелер баспада редакциялық жұмыспен қоса, жазу барысында да көмекші қызметін атқарады. ЖИ арқылы суретші немесе иллюстраторлар, не басқа да шығармашылық бағыттың өкілдері қайталанбаған тек өздеріне тән әдістерді пайдалана алады. Мысалы, баспа ісіндегі типографиялық жұмыстарда ауқымды кітап суретін бейнелеу қажет жағдайда ЖИпайдалана жасатуға болады.
Себебі, ол бір мезетте бірнеше стильде сурет жасап шығаруға қабілетті, қажет дизайн мен түс таңдай білсе болғаны. Мүндай жұмыстарды атқаруға тек сала маманы ғана емес, кез келген аудитория қолдана алады. Жалпы алғанда, ЖИбаспа ісінде кітаптың кескіндемесін ғана салып қоймай, оның оқырманға деген әсерін әсірелей түседі. Ерекше политра мен қайталанбас суреттер оның ішкі мазмұнын аша түспек.Мысалы, Фолиант баспасының кітаптары ЖИарқылы жаңа бағытта екенін көрсетті. Баспа өзінің мұқабаларын ЖИ көмегімен жасап шығару арқылы, қазақтың ұлттық ою-өрнектерін қайталанбас заманауи бағыттазаман талабына сай рухани-абстрактіліиллюстрациялар жасауда. Олар жаңа ашық реңдер қосып балалар мұқабасын да тартымды етіп, сатылымдарын көбейтуде. Байқағанымыздай, ЖИ баспада тек қана өндірісті жеңілдетіп қоймай, сатуға да септігін тигізеді. Соның арқасында көне кітаптарға қызығушылық туындай түсуде.
ЖИ пен авторлық құқық
ЖИ мен авторлық құқық мәселелері соңғы кезде қызу талқыдағы тақырыптардың бірі. ЖИ арқылы жасалған туындыларға авторлық құқық беру немесе бермеу әр елдерде әртүрлі қарастырылады.
Авторлық құқық шығарманы жасаған тұлғаға, яғни авторға тиесілі. Көптеген елдердің заңдарына сәйкес, автор ретінде тек адам бола алады. Жасанды интеллект – бұл құрал, яғни оның өзі автор бола алмайды. [6]
Егер ЖИ адамның бақылауымен немесе көмегімен, нұсқауымен шығармалар жасаса, онда авторлық құқықты шығарманы жасау процесіне үлес қосқан адам немесе ұйым ала алады. Мысалы: егер ЖИ-ді пайдаланушы шығармашылық идеяны өзі ұсынса, ол шығарманың авторы ретінде танылады, егер ЖИ бағдарламасын компания жасаған немесе оның ресурстарын пайдаланған болса, сол компания авторлық құқық иесі болуы мүмкін. [7]
АҚШ ЖИ жасаған шығармаларға авторлық құқық берілмейді. Мысалы, 2023 жылы АҚШ-тың Авторлық құқық басқармасы MidJourneyарқылы жасалған суретке құқық беруден бас тартты. [7]
Қазақстанда ЖИ және авторлық құқыққа қатысты нақты заңнамалық база әзірге жоқ, бірақ халықаралық тәжірибе үлгі ретінде қолданылады.
Қорытынды
Баспа ісіндегі ЖИ технологиялары дизайн мен иллюстрацияларды ұтымды әрі сапалы түрде жасауға көмектесіп, шығармашылық еркіндік пен өндіріс үдерістерін тиімді етті.. Қажетті стиль мен түсті таңдаудың арқасында ЖИ кез келген қолданушыға қайталанбас бейнелер ұсыну мүмкіндігін беріп отыр. Бұл әсіресе баспа үйі, маркетинг және медиа салаларында құнды.. Сондай-ақ, ЖИ-дің креативті индустрияда кеңінен қолданылуы этикалық және құқықтық сұрақтарды да туындатуда. . Авторлық құқық мәселелері бойынша көптеген мемлекеттерде нақты заңнамалық базалар жасалып жатыр. ЖИ арқылы жасалған туындыларға құқық беру немесе бермеу мәселесі әр елде сан алуан көзқарастармен қарастырылуда. Елімізде бұл бағыт, әлі толық қалыпқа келтірілмегенімен әлемдік тәжірибе үлгі ретінде қолданылып келеді. Аталған бағытта заңнамалық реттеу жұмыстары ЖИ технологияларын қолдану қабілеттерін арттырумен бірге, креативті бағыттың құқықтық және этикалық проблемаларын шешуге әсер етуі қажет.
Түйіндей келгенде, ЖИ технологиялары баспа және иллюстрация саласындағы революциялық құралға айналып, дизайнерлер мен суретшілердің жұмысын біраз жеңілдетті. Алайда, бұл жаңа технологияларды этикалық нормаларға сай қолдану және авторлық құқықты қорғау мәселелері басты назарда болуы қажет. Болашақта ЖИ-дің шығармашылық және өндірістік салалардағы рөлінің артуымен, оның құқықтық реттелуі мен жауапкершілік шекаралары анықтала түседі. Бұл саладағы даму тек технологиялық емес, сонымен қатар мәдени және құқықтық аспектіде теңгерімді тәсілдерді талап етеді.
Әдебиеттер тізімі:
1.QazGPTbyAldis. “Жасанды интеллект деген не?”.Алматы қаласы.
2.Сергеев, И. И. (2022).Иллюстрации с помощью искусственного интеллекта: возможности и вызовы.Москва: Издательство МГТУ.
3.https://blog.eduson.academy/articles/marketing/kak-polzovatsya-neyrosetyu-dall-e/
4. https://infohub.kz/ru/article/jasandi-yntellekt-midjourney-taryxi-jane-oni- qoldanu-joldari.html5.https://www.gizchina.com.ua/kk/2024/10/15/adobe-firefly-video-tool-mozhlyvist/
6.Берн конвенциясы – Авторлық құқықты қорғау жөніндегі халықаралық келісім, 1886 жыл.(https://www.wipo.int/treaties/en/ip/berne/)
7.АҚШ Авторлық құқық басқармасының шешімдері.(https://www.copyright.gov/)
Аннотация: В этой статье рассматривается упрощение издательской работы в области применения искусственного интеллекта (далее ИИ). В области иллюстрации ИИ предполагается создание иного творческого стиля и способов его применения. Кроме того, изучено применение ИИ в издательской сфере с возможностью создания новых визуальных эффектов в иллюстрациях. В работе речь идет о новых видах технологий искусственного интеллекта, таких как системы DALL-E, Mid Journey, Adobe Firefly, которые облегчают работу создателя, помогают создавать графические материалы. Кроме того, он поднимает такие вопросы, как авторское право и этические проблемы.
Ключевые слова: иллюстрация, искусственный интеллект, DALL-E, Mid Journey, Adobe Firefly, издательское дело, авторское право, технологии, Фолиант.
Введение
В современную новую эпоху технологии искусственного интеллекта (ИИ) внесли большой вклад в различные области, включая большой бум в индустрии искусства и печати. Создание иллюстраций-одна из особенно продвинутых услуг ИИ, которая позволяет автоматически выполнять творческую работу. В прошлом иллюстрации полностью основывались на человеческом воображении и ручном труде, сегодня эту деятельность создают технологии, основанные на нейронных сетях и специальных алгоритмических системах. Эти технологии позволяют не только быстро и качественно создавать графические материалы, но и реализовывать новые стили и идеи. Системы ИИ, такие как DALL·E, Mid Journey и Adobe Firefly, вошли в число передовых помощников в создании иллюстраций. Они не только упрощают сложные задачи и определяют творческие способности дизайнеров и художников, но и предлагают новые идеи и направления. Эти технологии, основанные на текстовом описании, создают уникальные графические изображения, что, в частности, привело к новому взгляду и подходу к иллюстрации в издательской сфере. Кроме того, проникновение ИИ в сферу иллюстрации вызывает ряд этических и правовых вопросов. Такие аспекты, как вопросы авторского права, подлинность созданных работ и соблюдение этических границ, поставили перед собой задачи, которые необходимо решать, а также безграничные возможности технологий. В этой статье исследуются роль и возможности ИИ в создании иллюстраций, включая использование таких систем, как DALL·E, Mid Journey и Adobe Firefly. Также будут проанализированы преимущества и недостатки использования технологий ИИ, а также проанализировано их влияние на издательскую индустрию. Основная цель работы-оценить будущее иллюстраций на основе ИИ и показать, как эта технология меняет творческие и производственные процессы.
Основная часть
Искусственный интеллект (Artificial intelligence - AI) - это технологический инструмент, который занимается созданием программ и систем, способных выполнять задачи, которые обычно требуют интеллектуальных способностей человека. [1] ИИ-одна из уникальных технологий, которые в целом привели к изменениям в жизни человека. Эта нейронная система является лишь вспомогательной в творческом направлении, помимо таких услуг, как образование, распространение информации, обработка данных. В том числе технологии искусственного интеллекта в последние годы оказали значительное влияние на сферу искусства и творчества, открыв новые возможности. Например, такие системы, как DALL-E, Mid Journey и Adobe Firefly, позволяют создавать графические изображения из текстовых описаний. Эти технологии автоматизировали создание иллюстраций и ускорили творческие процессы. Система DALL-E, в частности, утверждает, что упрощает создание видео, соответствующих различным темам, и расширяет творческие границы. Эти нейронные службы имеют специфику и функции, которые они выполняют.
DALL-E-один из нейросетей, способный создавать качественные изображения с текстовым описанием. Система бесплатна в использовании и эффективна для работы на любом компьютере в процессе использования. Кроме того, он помогает в редакционной деятельности. [3]
Mid Journey-это новая и инновационная компания, использующая технологии искусственного интеллекта и машинного обучения. Его основным продуктом является платформа для создания визуального контента, основанная на ИИ, которая позволяет пользователям визуализировать свои идеи. Цель Midjourney-упростить и обновить творческие процессы в области искусства и дизайна. [4]
Adobe Firefly-это инновационное программное обеспечение, которое позволяет пользователям создавать видеоконтент, просто набирая текст. Включив в обширную коллекцию инструментов для творчества Adobe, Firefly позволяет пользователям интегрировать видео, созданное с помощью искусственного интеллекта, с обычным видео, что делает его особенно привлекательным для медиа-профессионалов. [5]
В целом, сейчас очень много туров по искусственному интеллекту в любом направлении, например в киноиндустрии,в таких направлениях,как медиа, реклама, социальные сети.
Деятельность и влияние искусственного интеллекта в издательском деле
Помимо прочего, технологии ИИ оказали значительное влияние на издательское дело и дали новое направление процессу создания иллюстраций. Дизайн или визуальная графическая живопись издательского дела обретают творческую свободу с помощью технологии ИИ. Кроме того, эти нейронные системы, помимо редакционной работы в издательстве, также выполняют вспомогательную функцию в процессе написания. С помощью ИИ художник или иллюстраторы, либо представители другого творческого направления могут использовать только свои собственные методы, которые не повторяются. Например, в типографских работах в издательском деле изображение крупномасштабного книжного рисунка может быть выполнено с использованием ИИ в случае необходимости.
Дело в том, что он способен одновременно создавать картины в нескольких стилях, умеет выбирать нужный дизайн и цвет. На выполнение таких работ может претендовать любая аудитория, а не только специалист отрасли. В целом ЖИ не только рисует картину книги в издательском деле, но и преувеличивает ее влияние на читателя. Необычная политра и неповторимые картины раскрывают ее внутреннее содержание. Например, книги издательства "Фолиант"показали себя в новом направлении. Издатель, создавая свои обложки, создает казахские национальные орнаменты в уникальном современном направлении, создавая современные духовно-абстрактные иллюстрации. Они также делают детские чехлы более привлекательными, добавляя новые светлые тона и увеличивая продажи. Как мы видели, ИИ не только облегчает производство в печати, но и способствует продажам. Благодаря этому растет интерес к древним книгам.
ИИ и авторское право
Вопросы ИИ и авторского права-одна из тем, которые в последнее время активно обсуждаются. Предоставление или непредоставление авторских прав на произведения, созданные с помощью ИИ, рассматривается в разных странах по-разному.
Авторское право принадлежит лицу, создавшему произведение, то есть автору. По законам многих стран автором может быть только человек. Искусственный интеллект-это инструмент, а это значит, что он сам не может быть автором. [6]
Если ИИ создает произведения под наблюдением или с помощью, по указанию человека, то авторские права могут быть приобретены лицом или организацией, которые внесли свой вклад в процесс создания произведения. Например: если пользователь ИИ сам представляет творческую идею, он признается автором произведения, если программа ИИ была разработана компанией или использовала ее ресурсы, эта компания может быть правообладателем. [7]
Произведения, созданные ги США, не подлежат авторскому праву. Например, в 2023 году управление авторских прав США отказалось предоставить права на изображение, сделанное через MidJourney. [7]
В Казахстане пока нет четкой законодательной базы, касающейся ИИ и авторского права, но в качестве примера используется международный опыт.
Заключение
Технологии ИИ в издательском деле помогли рационально и качественно создавать дизайн и иллюстрации, сделали творческую свободу и производственные процессы эффективными.. Благодаря выбору нужного стиля и цвета, ИИ дает возможность любому пользователю представить неповторимые образы. Это особенно ценно в издательском деле, маркетинге и СМИ.. Также широкое применение ИИ в креативной индустрии вызывает как этические, так и правовые вопросы. . По вопросам авторского права во многих государствах создаются конкретные законодательные базы. Вопрос о предоставлении или не предоставлении прав на произведения, созданные с помощью ИИ, рассматривается в каждой стране с разных точек зрения. В стране это направление, хотя еще не полностью нормализовано, мировой опыт используется в качестве примера. Работа по законодательному регулированию в данном направлении должна способствовать решению правовых и этических проблем креативного направления, наряду с повышением способности применять технологии ИИ.
В заключение, технологии ИИ стали революционным инструментом в области печати и иллюстрации и немного упростили работу дизайнеров и художников. Однако в центре внимания должны быть вопросы применения этих новых технологий в соответствии с этическими нормами и защиты авторских прав. В дальнейшем, с возрастанием роли ИИ в творческой и производственной сферах, будет определяться ее правовое регулирование и границы ответственности. Развитие в этой области требует сбалансированных подходов не только в технологическом, но и в культурном и правовом аспекте.
Список литературы:
1. QazGPT by Aldis. “Что такое искусственный интеллект?”. Г. Алматы.
2. Сергеев, И. И. (2022). Иллюстрация с помощью искусственного интеллекта: возможности и названия. Москва: Издательство МГТУ.
3. https://blog.eduson.academy/articles/marketing/kak-polzovatsya-neyrosetyu-dall-e/
4. https://infohub.kz/ru/article/jasandi-yntellekt-midjourney-taryxi-jane-oni- qoldanu-joldari.html
5. https://www.gizchina.com.ua/kk/2024/10/15/adobe-firefly-video-tool-mozhlyvist/
6.Бернская конвенция – международное соглашение по защите авторских прав, 1886 год. (https://www.wipo.int/treaties/en/ip/berne/)
7.решения управления авторского права США. (https://www.copyright.gov/)