Astana Hub талаптарын бұзу: қатысушылардың мысалы
Astana Hub – технологиялық бизнесті дамыту үшін ерекше жағдайлар жасайтын алаң. Мұнда қатысушылар салық жеңілдіктеріне ие болып, инновациялық экожүйеге қол жеткізе алады. Алайда, қатысушы компаниялар өз қызметін ақпараттық-коммуникациялық технологиялар (АКТ) саласындағы басым бағыттарға сәйкес жүргізуі тиіс.
Мысал ретінде, Astana Hub резиденті ретінде тіркелген бір компания өз қызметін бағдарламалық қамтамасыз ету әзірлеу және енгізу деп көрсеткен. Бизнес-жоспарда бұл компания тұрғын үй саласындағы мәмілелерді цифрландыруға және мемлекеттік, банк жүйелерімен интеграцияға бағытталған технологиялық платформа ретінде сипатталған.
Алайда мониторинг барысында компанияның нақты қызметі бастапқыда көрсетілген бағыттардан айтарлықтай ауытқып кеткені анықталды:
-
Компанияның негізгі табысы – азаматтарға тұтынушылық несиелер рәсімдеуге көмектесу арқылы банктерден комиссия алу. Бұл брокерлік қызметке жатады;
-
Цифрлық құрал жеке ІТ-өнім ретінде емес, клиент тарту (лидогенерация) құралы ретінде қолданылады;
-
Сонымен қатар, есептілікте ІТ саласына қатысы жоқ табыс көздері көрсетілген (мысалы, «ұшу және тұру шығындары»).
Мұндай сәйкессіздіктер Astana Hub қатысушыларына қойылатын талаптарды бұзады және салықтық жеңілдіктерден айыру, салық органдары тарапынан шағымдар, бағдарлама қатысушыларынан шығару және технопарк экожүйесінің қағидаттарын бұрмалау сияқты салдарға әкелуі мүмкін.
Astana Hub қатысушыларына арналған ұсынымдар:
-
Нақты қызмет бағыты бизнес-жоспарда көрсетілген басым бағыттарға сай болсын және басты мақсат – ІТ өнім жасау болсын;
-
Astana Hub бизнес-жоспарын дер кезінде жаңартып отырыңыз;
-
Есептілікке ІТ саласына қатысы жоқ кірістерді (мысалы, логистика, тұру) қоспаңыз;
-
1С жүйесінен тауарлар мен қызметтерді жүзеге асыру туралы есепті мына форматта ұсыныңыз: Номенклатура + Қарсы тарап + Шарт;
-
Қаржылық есеп ашық әрі жеке кабинеттегі мәліметтер үнемі жаңарып отырсын.
Пікірлер 0
Кіру пікір қалдыру үшін