Servercore Қазақстан нарығына шығады
Servercore сервистердің жоғары қолжетімділігін және тұрақты жұмысын қамтамасыз етеді, сондай-ақ тапсырыс берушілерге 21.05.2013 жылғы № 94-V Заңға және Қазақстанда дербес деректерді орналастыру туралы ЦДИАӨМ талабына сәйкес пайдаланушылардың дербес деректерін қорғауға және оларды сақтауға мүмкіндік береді.
Servercore клиенттері өздерінің IT инфрақұрылымын басқара алады, сонымен қатар бірыңғай басқару панелі арқылы есептеу қуатын масштабтай алады. Сонымен қатар, провайдер арнайы және бұлттық серверлерде DDoS шабуылдарынан тегін негізгі қорғауды ұсынады. Клиенттерге жүктеме теңгерімдеуші және сақтық көшірме жасау сияқты қызметтердің тұрақтылығы мен қауіпсіздігін жақсарту үшін қосымша қызметтер қолжетімді.
Servercore өкілдігі Алматыда орналасқан – бұл клиенттердің сұраныстарына жедел жауап беруге және жергілікті компаниялардың қажеттіліктеріне бейімделген шешімдерді ұсынуға мүмкіндік береді. Провайдер қызметтері Tier 3 сенімділік деңгейіне сәйкес келетін «Сайрам» дата-орталығының (Алматы, Войков көш., 2а үй) базасында қолжетімді.
Servercore шешімдерінің бағалары теңгемен (KZT) белгіленді, бұл ретте құны валюта бағамына байланысты өзгермейді, бұл провайдердің клиенттеріне IТ-инфрақұрылымды дамытуға арналған шығындарды тиімді жоспарлауға мүмкіндік береді.
«IDC деректері бойынша, Қазақстанның бұлттық қызметтер нарығы 2019 жылы $89,2 млн-нан 2022 жылы $202,5 млн-ға дейін ұлғайды және жылына орта есеппен 31,4%-ға өсті. Бұған жаңа технологиялардың – жасанды интеллект, машиналық оқыту, заттар интернетінің үнемі дамуы, сондай-ақ e-commerce саласының өсуі ықпал етеді. — деп атап өтті Қазақстандағы Servercore өңірлік даму жөніндегі менеджері Сергей Бобко. — KPMG деректері бойынша, еліміздегі компаниялардың шамамен 30%-ы бұлттық шешімдерді, оның ішінде жаһандық ойыншылардың инфрақұрылымдық сервистері базасында іске асыру нұсқаларын қарастыруда. Бұлттық провайдерлер инновациялық шешімдерді қосылғаннан кейін бірден пайдалануға мүмкіндік береді.
Біздің сауалнамаларымызға сәйкес, тапсырыс берушілер үшін жедел техникалық кеңес алу мүмкіндігі өте маңызды – бұл жаһандық провайдерлермен өзара әрекеттесу кезінде әрдайым мүмкін емес. Servercore аймақтық өкілдігінің пайда болуымен біз жоғары сапалы сервисті көрсете отырып, 24/7 клиенттерімен байланыста бола аламыз. Бұл компанияларға IT-инфрақұрылымды тиімдірек басқаруға, ал бізге провайдер ретінде олардың қажеттіліктерін тереңірек түсінуге мүмкіндік береді».
Servercore жергілікті өкілдігінің ашылуы Қазақстанның IT-инфрақұрылымдағы қажеттіліктеріне сәйкес келеді: үкімет жоспарларында 2026 жылға қарай IT-экспортты $ 1 млрд-қа дейін ұлғайту, сондай-ақ Kapital.kz іскерлік ақпарат орталығының деректері бойынша провайдерлерді жергілікті инфрақұрылымды дамытуға ынталандыру.
Servercore Қазақстанның технологиялық экожүйесіне қатысушыларды біріктіретін Astana Hub қауымдастығының қатысушысы болып табылады. Бұл компанияға нарық трендтерін бақылауға және аймақтағы тапсырыс берушілердің міндеттеріне сәйкес өнім стратегиясын құруға көмектеседі.
Servercore компаниясы туралы
Servercore — жергілікті қатысуы бар халықаралық премиум инфрақұрылым провайдері. 2021 жылдан бері компания бизнеске технологиялық өсімі серпінді елдеріндегі (Қазақстан, Өзбекстан және Кения) пайдаланушыларға сервистер ұсынуға көмектеседі.
Servercore бизнесті инфрақұрылымға қызмет көрсетудің барлық кезеңдерінде қолдайды — IT жүйелерін жобалаудан және серверлерді таңдаудан бастап басқаруға, масштабтауға және есептілікті жүктеуге дейін. Мұның бәрі — my.servercore.com басқару панелінің бірыңғай интерфейсінде.
Толығырақ: servercore.com сайтында
Пікірлер 2
Кіру пікір қалдыру үшін
Ilias Zholaman · Жел. 1, 2023 17:37
👍
Alizhan Nurgazy · Қар. 16, 2023 12:57
👏