Astana Hub экожүйесінде ережелерді сақтау: Мониторинг рөлі мен талаптарды бұзушы компания кейсі
«А» компаниясы Astana Hub қатысушысы мәртебесін алды, бұл оған бірқатар жеңілдіктерге қол жеткізуге және ақпараттық-коммуникациялық технологиялар (АКТ) саласындағы жобаларды іске асыруда қолдау алуына мүмкіндік берді. Astana Hub бизнес-жоспарына сәйкес компания есептеу операцияларын орындау және деректерді өңдеу үшін кешенді есептеу инфрақұрылымын қамтамасыз ету, бағдарламалық қамтамасыз етуді қолдана отырып деректерді өңдеу сияқты негізгі қызмет түрлерінің белгілі бір тізбесі шеңберінде ғана өз қызметін жүзеге асыруға міндеттенді.
Алайда қызметтік мониторинг барысында «А» компаниясы өзінің жұмыс аясын бекітілген тізімінен тыс кеңейткені анықталды. Сондай-ақ техникалық қызмет көрсету, компьютерлік құрылғыны және перифериялық жабдықты жөндеу, ұйымдарға картридждерді толтыру қызметтерін ұсынатын мемлекеттік сатып алуларға қатысқан. Бұдан бөлек ноутбуктер мен үздіксіз қуат көздерін жеткізу жағдайлары да анықталды.
Мұндай әрекеттер Astana Hub шарт-талаптарына қайшы келеді, өйткені «А» компаниясы АКТ саласындағы негізгі бағыттарға жатпайтын қызметтерден табыс көрді. Реттеуші келісімінсіз қызмет аясының ұлғаюы салық заңнамасы нормаларын да бұзады.
Бұл шаралар инновациялық экожүйеде тәртіп пен адалдықты сақтауға ықпал етіп қана қоймай, компанияларға тиімді даму мен ілгерілеуге, негізгі құзыреттеріне назар аударуға септігін тигізеді. Сонымен қатар бұл нарықтың басқа қатысушыларына белгіленген ереже-шарттарды сақтаудың маңызы мен салдарын еске салады.
Сөз соңында, «А» компаниясының бұл мысалы мониторинг рөлін және нарықтың тез өзгеретін шарт-талаптарына сәйкес өз қызметін бейімдеуге дайын екенін көрсетті.
Пікірлер 0
Кіру пікір қалдыру үшін