Astana Hub қатысушысы KuickTech Football Pro футбол жаттығуларына арналған мобильді қосымшаны іске қосты

Astana Hub халықаралық IT-стартаптар технопаркінің қатысушысы, қазақстандық KuickTech IT-компаниясы жасөспірімдер мен ересектерге арналған Football Pro мобильді қосымшасын әзірлеп, пайдаланушылар назарына ұсынды. Бұл шешім футбол дағдыларын жетілдіргісі келетіндер үшін кәсіби бағыттағы жаттығу бағдарламаларын ұсынады. Қосымша тәжірибелі футбол жаттықтырушысының қатысуымен жасалған және пайдаланушылардың жүйелі жаттығу дағдысын қалыптастыруға бағытталған.
Football Pro – ТМД нарығында футболшыларға арналған толыққанды жаттығу бағдарламаларын ұсынатын алғашқы мобильді қосымшалардың бірі.
Стартаптың кофаундері Паул Кукитц: «Жаттығулар күндерге бөлінген – пайдаланушы ертең немесе арғы күні немен айналысатынын ойлап әуре болмайды. Қосымшаны ашып, қай күні тоқтағанын таңдап, жаттығуды бастай алады. Әрбір жаттығу егжей-тегжейлі түсіндіріліп, көрнекі көрсетілімдермен және қажет құрал-жабдықтар бойынша нұсқаулықтармен бірге беріледі», – дейді.
Басқа футбол қосымшаларынан айырмашылығы – Football Pro тек тәжірибе мен шеберлікті шыңдауға бағытталған. Әлеуметтік желілер сияқты алаңдататын элементтер жоқ. Мұнда тек 3000-нан астам футболшыға сыналған ,дәлелденген және тиімді жаттығулар ғана жиналған. Көпшілігі өз елінің жетекші академияларына түсіп, Еуропада ойнауда.Кейбіреулері тіпті ұлттық құрамаларға да шақырылды.
Стартаптың кофаундері Евгений Фоменко былай дейді: «Футбол мені спортқа ғашық етті. Қазір тұрақты түрде спортзалға барып, жиі жүгіремін. Ұлымды да футбол үйірмесіне бердім – бұл тек спорт емес, сонымен қатар әлеуметтену, эмоция, достық. Бала күнімде техникамды жетілдіруді армандаушы едім, ондай мүмкіндік болмады. Сол жылдары осындай қосымша болғанда – Лионель Мессиге оңай болмас еді!» деп стартаптын кофаундері Евгений Фоменко пікірін білдірді

- Кез келген жерде 24/7 жаттығу. Қолданушы қосымшаны тәулігіне 24 сағат, кез келген жерде пайдалана алады – бастысы ынта мен даму ниеті.
- Жүйелі бағдарламалар. Жаттығулар техника мен допты бақылау дағдыларын жетілдіруге бағытталған – бұл жетекші футбол академияларының (мысалы, «Барселона») стандарттарына сай келеді.
- Жеке даму. Қосымша жаттығулар футболшының әлеуетін аша түсіп, скауттардың назарына ілігуге көмектеседі.
Антон Мальцев, Football Pro қосымшасының жаттығу бағдарламаларының авторы: «Мен Ресейдің үздік футбол академияларының бірі – “Краснодардың” түлегімін.Жасөспірімдер құрамасында ойнадым. Менің мансабым -40 градус аязда, қардың ішінде жаттығумен басталды. Жетістікке жету үшін қосымша жаттығуға тура келді, бірақ жүйелі бағдарлама болмаған соң, жаттығуларды өзім ойлап табуға мәжбүр болдым. Енді футболшыларда Football Pro бар – бұл құрал арқылы олар талант, жағдай, мүмкіндікке қарамастан өз мақсаттарына жете алады».
Жақын арада қосымшаға жасанды интеллект негізінде жұмыс істейтін виртуалды жаттықтырушы қосылады деп күтілуде. Бұл функция қолданушылардың сұрақтарына жауап беріп, жеке ұсыныстар ұсынатын болады. Сондай-ақ, команда қосымшаны өзге тілдерге аударып, халықаралық нарыққа шығуды жоспарлап отыр.
Football Pro мобильді қосымшасы App Store және Google Play платформаларында қолжетімді.
Қосымшаның кофаундері және әзірлеушісі – Astana Hub халықаралық IT-стартаптар технопаркінің қатысушысы KuickTech компаниясы. KuickTech бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеу, енгізу және сүйемелдеу бағытында маманданған. Компанияның жобаларының қатарында Avoloan атты несиелік карталарды қайта қаржыландыруға арналған мобильді қосымшасы да бар.
Пікірлер 0
Кіру пікір қалдыру үшін