Қазақстанда  Instagram және  2ГИС баламасы іске қосылды

Loca стартап жобасының негізін қалаушылар қазақстандық әлеуметтік желінің іске қосылғанын хабарлады.

Loca — бұл достардың экспириенстерінен (видео/фото әсер), әдемі орындар және қалалар мен елдердегі өзекті оқиғалардан тұратын интерактивті карта. 

Әдетте бос уақытты таңдау достар мен таныстардың ұсыныстарына немесе 2ГИС-тегі локациялар мен түсініктемелерге сәйкес анықталады. Одан соң, әдетте, мекеменің атмосферасы туралы көбірек білу үшін Instagram парақшасы мен стористерін қарап шығады.

Loca-да карталар мен экспириенс карусельдері арқылы пайдаланушылар орындардың локациясы мен вайбын қатар көре алады.

Стартаптың негізін қалаушылар атап өткендей, Google-дің соңғы зерттеулерінің нәтижелері бойынша, қазір желі пайдаланушылары орындарды іздеу сервистерінен емес, әлеуметтік желілерден іздеп бастауды жөн көреді. Сондықтан болашақта Loca картада визуализациямен бүкіл әлем бойынша қызықты орындар мен ивенттерді іздеу үшін  агрегатор болуды мақсат етеді.

Сондай-ақ, қалаушылардың айтуы бойынша, қазір эмоциялар негізінде шешімдер қабылданатын эмоционалды экономиканың әсері белсенді бақыланады. Стартаптың мақсаты пайдаланушыларды тек қызықтыру емес, олардың жағымды эмоциялар арқылы көңіл-күйін көтеру және бизнес, туризм мен жалпы қоғам мәдениеті дамуы үшін пайдаланушыларды жаңа әдемі орындармен, қызықты оқиғалармен бөлісуге тарту.

«Be local with Loca!» бұл келесіні білдіреді: «Кез-келген қалада жергілікті тұрғын бол!».

Жоба MVP сатысында тұр және Нұр-сұлтан, Алматы, Шымкент, Түркістан және Ақтау қалаларында тестілеу режимінде іске қосылды.

Келешекте Қазақстанның барлық қалалары үшін қолжетімді, сондай-ақ Оңтүстік-шығыс Азия елдеріне және БАӘ-не шығатын болады.

Жоба әзірлеушілері болашақта мобильді қосымшаға виртуалды және толықтырылған шынайлық, жасанды интеллект сияқты технологиялар енгізуді қарастыруда және метавселеннаяға көшуі мүмкін деп санайды.

Loca мобильді қосымшасы iOS және  Android платформаларында жүктеу үшін қолжетімді.

Пікірлер 5

Кіру пікір қалдыру үшін

Напишите пожалуйста в личку, хотелось бы презентацию просмотреть для коллабы)

Жауап беру

Без сомнений думаю,что приложение станет популярным во всех странах, очень удобный и понятный сервис! Уже пользовалась и буду рекомендовать друзьям. Удачи!

Жауап беру

Its super cool app. guys weel done! Inverstors line up)

Жауап беру

Thank you very much!

Жауап беру