Astanahub Logo
Іс-шаралар

Шілде айында өтетін Неконференцияда бізбен бірге кім болады?🔥

event

Жаңа таныстықтар, тәжірибе, білім және қарым-қатынас - осы үшін біз ай сайынғы кездесулерімізді жақсы көреміз. Біз әр жолы сіздер үшін керемет іс-шараны ұйымдастыруға тырысамыз және баяндамаларымен бөлісуге дайын тек үздік мамандарды шақырамыз. Алдағы Неконференция да ерекшелік болмайды.

 

Біздің спикерлерімізді таныстырайық 📢

🔹Qwant жоғары технологиялар мектебінің CEO-сы Амин Байкенова "Команданы дамыту аясында өнімділік көрсеткіштері қалай және не үшін қажет" тақырыбымен

🔹Chevron жобасындағы аға бизнес-талдаушысы Дана Исаханова "Сіздің компанияңызға бизнес-талдаушы не үшін қажет?”

 🔹Jusan Дүкеніндегі Lead Frontend Developer Алишер Мелдебек "Веб-қосымшалардың өнімділігін оңтайландыру" тақырыбымен

🔹Senior Business Analyst, Norsec Delta Projects Нурлыбек Изтелеуов "User Story Mapping: жобамен жұмыс істеуде басымдықтарды қалай оңай белгілеуге болады" тақырыбымен

🔹Business & Technology Services LLP-де Python-әзірлеушісі Томирис Саят "Бизнестегі процестерді роботтандыру" тақырыбымен

 

Іс-шара Қарағанды облысының ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасының қолдауымен өткізіледі.

WhatsApp Telegram
Біз cookies файлдарын сайтымыздың дұрыс жұмыс істеуі және талдау жүргізу үшін қолданамыз. Сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, сіз cookies файлдарының қолданылуын растайсыз. Толығырақ
Бөлісу