Өнімді іске қосудасыз ба? Ендеше клиентті қалай қызықтыру керектігін біліңіз!
А/В тестілеу - бұл өнімнің екі нұсқасының тиімділігін бағалау үшін қолданылатын әдіс. Осы құралды өнім-менеджерлері, маркетологтар және өнім дизайнерлері пайдаланады. Ал тестілеу қалай жұмыс істейтінін және гипотезаны тексеруге не көмектесетінін білгіңіз келеді ме?
Ол туралы 1 ақпан күні "ЦентрКредит банкінде" product owner маманы Дарын Манатовпен бірге өткізетін митапта білеміз.
Сіз білетініңіз:
- неліктен А/В тестілеулері маңызды
- А/В тестілеуді қалай өткізуге болады
- өнімді дамытудың қай кезеңінде қолдану керек
Стартаперлерді, кәсіпкерлерді, өнім менеджерлері мен дизайнерлерін, сондай-ақ, өз ісін жаңадан бастағысы келетін студенттерді қатысуға шақырамыз. Митапқа қатысу тегін, сипаттамадағы сілтеме бойынша тіркеле аласыздар.
Іс-шара Қарағанды облысының ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасының қолдауымен өткізіледі.
Қашан: 1 ақпан, 19:00
Өткізілетін орны: «Терриконовая долина» ІТ-hub-ы, Алалыкин көшесі, 12
Форматы: офлайн/онлайн
-
Тип мероприятия
Митап
-
Формат
Оффлайн
-
Регион
-
Дата начала
Ақп. 1, 2024 18:00
-
Дата завершения
Ақп. 1, 2024 19:00