«TECHNOPARK STROYTECH» құрылыс және құрылыс материалдары ғылыми-зерттеу зертханасы
-
Зертхананың мақсаты
BR21882292 нөмірлі ғылыми-техникалық бағдарлама – « Тұрақты құрылыс саласын интеграцияланған дамыту: инновациялық технологиялар, өндірісті оңтайландыру, ресурстарды тиімді пайдалану және технологиялық парк құру» бағдарламасы 2023–2025 жылдары аралығында ҚР ҒЖБМ Ғылым комитетімен жасалған келісімшарт негізінде (№447-ПЦФ-23-25, 15.11.2023) Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық зерттеу техникалық университетінің базасында іске асырылуда. Бағдарламаның мақсаты: перспективалы құрылыс материалдарын өндірудің жаңа технологияларын зерттеу және әзірлеу; инновацияларға, ынтымақтастыққа және кәсіпкерлікке ықпал ететін орта арқылы технопарк құру арқылы технологиялық кәсіпорындардың өсуіне жәрдемдесу; жаңа және болашағы зор құрылыс материалдарын өндіруге арналған бірлескен кәсіпорын құру. Жобаның жаңалығы: тау-кен металлургия кешені мен минералды шикізат қалдықтарын өңдеудің кешенділігі мен экологиялық қауіпсіздік деңгейін арттыруға мүмкіндік беретін инновациялық технологияларды әзірлеу. 2025 жылдың 19 ақпанындағы (№01 хаттама) Директорлар кеңесінің шешімі және 2025 жылдың 20 ақпанындағы университет ректорының №80-П/Ө бұйрығы негізінде Сәтбаев университетіндегі «TECHNOPARK STROYTECH» құрылымдық бөлімшесінің негізінде зертхана құрылды.
-
Зертхананың құрылған күні
2025
-
Мемлекеттік орган
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі
-
Зертхана жүзеге асыратын сынақтардың түрлері
Зертхананың мақсаты: Құрылыс материалдары мен құрылымдарын зерттеу, олардың сапасын, ұзақ қызмет ету мерзімін арттыру және нормативтік талаптарға сәйкестігін қамтамасыз ету; жаңа техникалық реттеу стандарттарын әзірлеу және құрылыс саласына енгізу. TECHNOPARK STROYTECH Құрылыс және құрылыс материалдары ғылыми-зерттеу зертханасының тапсырмалар: 1. Құрылыс материалдары мен бұйымдарының стандарттарға сәйкестігін анықтау бойынша сынақтар жүргізу; 2. Материалдардың физикалық, химиялық және механикалық қасиеттерін зерттеу; 3. Материалдардың құрамын беріктік, экологиялылық және ұзақмерзімділік талаптарына сәйкес оңтайландыру; 4. Топырақтың көтергіш қабілеті мен тұрақтылығын анықтау; 5. Қоспалар мен модификаторлардың материал қасиеттеріне әсерін бағалау; 6. Инновациялық материалдар мен технологияларды сынау және енгізу; 7. Техникалық сараптамалар мен қорытындылар жасау; 8. Материалдардың барлық өмірлік циклі бойынша сапасын бақылау; 9. Салалық стандарттар мен техникалық регламенттер әзірлеу; 10. Материалдардың беріктігін арттыру бойынша ұсынымдар жасау; 11. Экологиялық және заманауи стандарттарға сәйкестікті қамтамасыз ету. Зертханалық жабдықтар: Anton Paar MCR 302e реометрі – бетон қоспаларының реологиялық қасиеттерін талдау; I-Cal 4000 HPC калориметрі – цемент гидратациясы кезінде бөлінетін жылуды зерттеу; JEOL JSM-7000 электрондық микроскопы – микроструктураларды жоғары дәлдікпен зерттеу.
-
Ұйымның атауы
НЕКОММЕРЧЕСКОЕ АКЦИОНЕРНОЕ ОБЩЕСТВО КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ ИССЛЕДОВАТЕЛЬСКИЙ ТЕХНИЧЕСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ К.И. САТПАЕВА
-
Қолдану саласы
Техникалық және инженерлік ғылымдар
-
Қала
Алматы
-
Инфрақұрылым түрі
Ғылыми, білім беру
-
Инфрақұрылымның кіші түрі
Ғылыми зертхана
-
Телефон
87085550480
-
Email
technopark.stroytech@satbayev.university