Junior QA-инженер (тағылымгер)
Негізгі талаптар
Kolesa Group — миллиондаған пайдаланушыға арналған классифайд платформаларын дамытып жатқан халықаралық IT-компания. Біздің өнімдеріміз — kolesa.kz | krisha.kz | avtoelon.uz — адамдар мен бизнеске автокөлік, жылжымайтын мүлік, тауарлар мен қызметтерді сатуға және сатып алуға көмектеседі.
13 шілдеде Junior QA-инженерлерге арналған Kolesa Academy басталады.
Академияға өтінім қабылдау мерзімі: 2026 жылғы 25 мамырдан 8 шілдеге дейін.
2 ай бойы сен Қазақстандағы қызықты IT-өнімдердегі нақты міндеттермен жұмыс істейсің. Сондай-ақ тағылымдама кезеңінде тәлімгер болатын еліміздің тәжірибелі QA-мамандарынан білім аласың.
Ұзақтығы: 2 ай
Өтетін орны: Алматы қаласындағы кеңседе офлайн форматта
Жұмыс кестесі: дүйсенбіден жұмаға дейін, 09:00–18:00
Техника: тағылымдама кезеңіне ноутбук беріледі
Тұру: егер Алматы қаласынан болмасаң, тағылымдама кезеңінде тұрғын үймен қамтамасыз етеміз
Не істеу керек
Алғашқы 2 апта — негізгі білімдерді меңгеру
Тестілеу негіздері бойынша дәрістерден өтіп, алған біліміңді практикалық тапсырмалар арқылы бекітесің.
3-аптадан бастап — командада жұмыс
Өнімдік командаға қосылып, бағыттардың бірін таңдайсың және тәлімгердің жетекшілігімен нақты міндеттерді орындай бастайсың.
2 айдан кейін — нәтижелерді бағалау
Тағылымдама қорытындысы бойынша үздік қатысушылар Kolesa Group компаниясынан жұмыс ұсынысын (оффер) алады.
Біз кандидаттардан не күтеміз?
- Тестілеу түрлерін білу
Тестілеудің негізгі түрлерін (функционалдық, функционалдық емес және т.б.) білесің және олардың қай жағдайда қолданылатынын түсінесің.
- Тест құжаттамасын білу
Тест құжаттамасының не екенін түсінесің: тест-кейстер, чек-парақтар (check-list), баг-репорттар және олардың не үшін қажет екенін білесің.
- Клиент-серверлік архитектураны түсіну
Клиент пен сервердің өзара қалай әрекеттесетінін білесің: сұраныстың (request) не екенін, деректердің қалай жіберілетінін және сақталатынын түсінесің.
- Әзірлеу және тестілеу процесі туралы базалық түсінік
Өнімнің қалай жасалатынын түсінесің: бағдарламалық қамтамасыз етудің өмірлік циклімен, әзірлеудің негізгі әдіснамаларымен және тестілеудің осы процестегі рөлімен таныссың.
Біз не ұсынамыз
Іріктеу кезеңдері:
Өтінім қалдыр
Сұрақтарға жауап беріп, түйіндемеңді тірке. 2 жұмыс күні ішінде электрондық поштаңа тест тапсырмасына сілтеме жіберіледі.
Тест тапсырмасы
Тапсырманы ашу үшін саған 3 күн беріледі және оны орындауға тек 1 мүмкіндік болады. Тест тапсырмасын ашқаннан кейін орындауға 3 сағат уақыт беріледі.
Телефон арқылы сұхбат
Егер тест тапсырмасының нәтижесі жақсы болса, негізгі сұрақтарды талқылау үшін саған шамамен 10 минуттық қоңырау шаламыз.
Онлайн сұхбат
Жетекшімен танысып, өзің туралы айтып бересің.
Тест тапсырмасынан өту үшін қай тақырыптарды қайталау керек:
- Бағдарламалық қамтамасыз етуді тестілеу негіздерін қайтала: тестілеу түрлері, типтері, әдістері және олардың қолданылу салалары;
- Тест құжаттамасының түрлерін оқып шық: тест-кейстер, чек-парақтар (check-list), баг-репорттар, тест жоспарлары;
- Клиент-серверлік архитектура негіздерін қайтала: сұраныстар (request), жауаптар (response), API негіздері және деректерді беру протоколдары;- Бағдарламалық қамтамасыз етудің өмірлік циклін, әзірлеудің негізгі әдіснамалары мен модельдерін оқып шық.
| Аты | Жұмыс тәжірибесі | Байланыс | Өтініш күні | Жазу | Өтініш күйі |
|---|
Әзірге өтініштер жоқ
Біреу вакансияға өтініш бергенде-үміткерлердің тізімі осында пайда болады