Tech Orda сыйлаған тең мүмкіндіктер немесе жамбылдық жігіттің жетістігі
Елімізде цифрландыру жөніндегі ұлттық жоба аясында Мемлекет басшысы 2025 жылға қарай кем дегенде 100 мың жоғары білікті IT-маманын дайындау міндетін қойып, тапсырма берген еді. Осы тұрғыда Қазақстанның жекеменшік мектептерінде IT мамандарын даярлауға бағытталған ҚР ЦДИАӨМ мен Astana Hub-тың біріккен бағдарламасының рөлі ерекше.
Tech Orda бағдарламасы Қазақстанның 18 бен 45 жас аралығындағы барлық азаматына ІТ-мамандық алуға мүмкіндік береді. Биыл еліміздің 83 жетекші жеке ІТ-мектеп білім алушыларға 219 курс ұсынып отыр. Осы мүмкіндікті пайдаланып отырған маманның бірі – жерлесіміз Темірлан Әбдібек. Zhambylnews.kz тілшісі Темірлан Сейдалыұлымен сұхбаттасып, ІТ-саласы туралы ой-пікірін білді.
– Темірлан, алдымен, өзіңіз туралы айтып өтсеңіз, осынау бағдарламалау тіліне қалай келдіңіз?
– Мен Жамбыл облысының Тараз қаласында тудым. Қаладағы Керімбай атындағы №12 мектеп- гимназиясында 2013 жылы «Алтын белгімен» аяқтадым. Кейін Алматы қаласындағы Әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университетінде білім алдым. IT саласына, ақпараттық жаңалықтарға кішкентай кезімнен қызығатынмын. Ең алғаш бағдарламалау тілдерін жоғарғы оқу орнында үйреніп, қанатқақты жобаларымды сол уақытта жасай бастадым. Қазір жергілікті полиция департаментінің ақпараттандыру және байланыс басқармасында жұмыс істеймін.
–Tech Orda туралы не айтасыз? Мүмкіндіктері қандай?
– Tech Orda бағдарламасы туралы IT-мектепте курс оқып жүрген кезімде білдім. Сабаққа белсенді қатысқаным үшін мектеп әкімшілігі грантқа ауысуды ұсынды. 2022 жылы осы грантпен 6 айлық веб-әзірлеу курсын бітірдім. Оқу қиын болды деп айта алмаймын. Өзім бұл салада біраз жүрсем де, көптеген жаңа технологиялармен танысып, білімімді одан әрі жетілдірдім. Бұл орасан зор мүмкіндіктерге жол ашты. Табысым арта бастады. Негізгі жұмысымнан бөлек, қазір Upwork платформасында тапсырыс қабылдаймын. Тараздағы Inginirium мектебінде 6-11 сынып оқушыларына веб-әзірлеуден сабақ беремін. 8 шәкіртім бар. Astana Hub-тың филиалы — жергілікті IT-қауымдастық бас қосатын Zhambyl IT Hub-та шеберлік сабақтарын өткізіп жүрмін. IT-салада сапалы нетворкинг құрып жатырмын. Сарапшы, қазы ретінде мені түрлі хакатондарға, фестивальдерге шақырады. Бір сөзбен айтқанда, жан-жақты және белсенді бола бастадым. Елімізде жастарға осындай мүмкіндіктер беріліп жатқанына ризамын.
Сұхбаттың толық нұсқасы zhambylnews.kz сайтында
Комментарии 3
Авторизуйтесь чтобы оставить комментарий
Laura Meir · Сен. 17, 2024 01:09
👍👍👍
Kirill Grinenko · Фев. 23, 2024 14:37
👍👍👍
Ilias Zholaman · Дек. 14, 2023 18:33
👍👍