Публикация была переведена автоматически. Исходный язык: Казахский
Казахстанский проект «Ситуационно-аналитический комплекс» (САК) завоевал первое место в своей номинации на престижной международной премии WSIS Prizes 2025. Разработка признана лучшей в категории «Роль правительств и всех заинтересованных сторон в продвижении ИКТ для развития» (The role of governments and all stakeholders in the promotion of ICTs for development).
Победители были объявлены 7 июля в Женеве в рамках WSIS+20 High-Level Event, посвященного 20-летию Всемирной встречи на высшем уровне по вопросам информационного общества (ВВУИО) - ключевой инициативы ООН по развитию глобального цифрового сотрудничества.
Особое внимание Казахстану было уделено и на церемонии: команда из Казахстана открыла сессию награждения. Награду вручила лично Глава Международного союза электросвязи (МСЭ) Дорин Богдан-Мартин в присутствии представителей государств-членов и международных организаций.
Это первая победа Казахстана на WSIS Prizes с 2013 года. В 2025 году в конкурсе приняли участие порядка 1000 проектов из разных стран мира.
«Эта победа - международное признание цифрового прогресса нашей страны. Казахстан демонстрирует высокий технологический потенциал и способен не просто идти в ногу с мировыми трендами, но и задавать их, предлагая значимые цифровые решения на глобальном уровне», - отметил руководитель Инженерно-технического центра Управления делами Президента Даурен Нуралиев.
«Ситуационно-аналитический комплекс» (САК) - это инновационная цифровая платформа для анализа, мониторинга и оперативного управления данными в государственном секторе. Система охватывает более 500 индикаторов социально-экономического развития по всем регионам страны и позволяет принимать стратегические решения в режиме реального времени. САК используется в Администрации Президента и Управлении делами Президента Республики Казахстан.
Қазақстандық «Ахуалдық-талдамалық кешені» (АТК) жобасы WSIS Prizes 2025 халықаралық беделді сыйлығының өз номинациясында бірінші орынды иеленді. Жоба «Даму үшін АКТ-ны ілгерілетуде үкіметтер мен барлық мүдделі тараптардың рөлі» (The role of governments and all stakeholders in the promotion of ICTs for development) санатында үздік деп танылды.
Жеңімпаздар 7 шілдеде Женевада WSIS+20 High-Level Event аясында жарияланды. Бұл шара Біріккен Ұлттар Ұйымының басты бастамасы болып табылатын Ақпараттық қоғам мәселелері жөніндегі дүниежүзілік жоғары деңгейдегі кездесуінің (ВВУИО) 20 жылдығына арналды.
Салтанатты рәсімде Қазақстанға ерекше назар аударылды: Қазақстандық команда марапаттау сессиясын ашты.
Марапатты Халықаралық электр байланысы одағының (ХЭО) Бас хатшысы Дорин Богдан-Мартин мемлекеттер мен халықаралық ұйымдар өкілдерінің қатысуымен өзі табыстады.
Бұл Қазақстанның WSIS Prizes байқауындағы 2013 жылдан бергі алғашқы жеңісі. 2025 жылы байқауға әлемнің түрлі елдерінен шамамен 1000 жоба қатысты.
«Бұл жеңіс - еліміздің цифрлық дамуының халықаралық деңгейде мойындалуы. Қазақстан жоғары технологиялық әлеуетке ие екенін көрсетіп, әлемдік трендтерді қуып қана қоймай, маңызды цифрлық шешімдерді ұсынып, оларды жаһандық деңгейде дамытуға үлес қоса алатынын дәлелдеді», - деп атап өтті ҚР Президенті Іс басқармасы Инженерлік-техникалық орталығының басшысы Дәурен Нұралиев.
«Ахуалдық-талдамалық кешені» (АТК) - мемлекеттік сектордағы деректерді талдау, мониторинг жасау және жедел басқару үшін әзірленген инновациялық цифрлық платформа. Жүйе елдің барлық өңірлері бойынша 500-ден астам әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерін қамтиды және стратегиялық шешімдерді нақты уақыт режимінде қабылдауға мүмкіндік береді. АТК Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі мен ҚР Президенті Іс басқармасында қолданылады.