Дидар Мұратұлы: Astana Hub-тың өңірлік менеджері болу – менің мансабымдағы маңызды қадам
Oskemen Hub өңірлік менеджері Дидар Мұратұлы «Ақпараттық жүйелер және машина жасау» бағдарламалары бойынша техникалық ғылымдар магистрі дәрежесіне ие. Ол 2023 жылы Ақпараттық жүйелер бағдарламасы бойынша докторлық дәрежесін аяқтап, ABD PHD алды. Еңбек жолын 2011 жылы Қазақ-Американдық университетінің мультимедиялық орталығында техник болып бастады. Сонымен бірге «Бизнес» кафедрасында сабақ беріп, аға оқытушы болып тағайындалды. Дидар ҚАЕУ мультимедиялық орталығын да басқарды. 2020 жылы осы қызметті аға оқытушы жұмысымен ұштастырып, ШҚТУ-дың Құзыреттілік және технологиялар трансферті орталығының бас инженері болды.
- Неліктен Astana Hub өңірлік менеджері болуға шешім қабылдадыңыз?
- Маған Шығыс Қазақстанда IT-қауымдастығын дамытуға деген ұмтылыс мотивация берді. Astana Hub-қа қатысты жобаларға қатысу жергілікті IT-стартаптарды қолдауға және дамытуға мүмкіндік беріп қана қоймай, сонымен қатар аймақта инновациялар мен технологиялық прогреске қолайлы жағдай жасауға көмектесуге мүмкіндік береді. Бұл Шығыс Қазақстан облысының жаһандық ІТ-индустриясында бәсекеге қабілеттілігін арттыру және ақпараттық технологиялар саласындағы жастар мен мамандар үшін жаңа мүмкіндіктер жасау үшін маңызды.
- Қандай жетістіктерді/жобаларды ең маңызды деп санайсыз?
- Қазіргі таңда мен үшін ең маңызды жоба – Oskemen Hub. Ашылғаннан бері біз 100-ден астам іс-шара өткіздік. Бір жарым жыл ішінде 50-ден астам IT стартаптарын дайындадық, олардың көпшілігі Astana Hub инкубациялық және акселерация бағдарламаларынан өтуде.
Сондай-ақ 2023-2025 жылдарға арналған ғылыми және ғылыми-техникалық жобаларды гранттық қаржыландыру конкурсында біздің топтың жеңіске жеткен жоба бойынша қазіргі жұмысым – менің маңызды жетістіктерімнің бірі. Жоба университеттің ақпараттық экожүйесіне интеграцияланған смарт кампус үшін интеллектуалды қызметтерді дамытуға арналған.
Жобаның мақсаты – студенттер мен қызметкерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін цифрлық қызметтерді құру, сонымен қатар оқу нәтижелерін бағалаудың тиімділігі мен дәлдігін арттыру. Бұл шешімдер оқу үдерісінің сапасын және университетті басқаруды айтарлықтай жақсартуға мүмкіндік беретін университеттің біртұтас экожүйесін құруға бағытталған.
- Сізге қандай міндет жүктелген?
- Біріншіден, мен аймақтағы ІТ қауымдастығын дамытумен айналысамын, IT мамандары мен кәсіпкерлер арасында нетворкинг кездесулер, конференциялар және басқа да іс-шараларды ұйымдастырып, білім мен тәжірибе алмасудамын. Сонымен қатар мен аймақтық стартаптарды дамытуға белсенді түрде қолдау көрсетемін, оларға инкубациялық және акселерация бағдарламаларына, консультацияларға және қаржылық қолдауға қол жеткізуді қамтамасыз етемін. Менің жұмысымның маңызды бөлігі - аймақтағы инновациялар мен технологиялық прогрестің өсуіне ықпал ететін хакатондар, курстар, тренингтер және шеберлік сабақтары сияқты түрлі іс-шараларды ұйымдастыру. Бұл күш-жігер ІТ дамыту үшін қолайлы жағдай жасауға және технологиялық экожүйені нығайтуға бағытталған.
- Стартаптарды қолдау нәтижесін көрсететін мысалдарды келтіре аласыз ба?
- Біздің күш-жігеріміздің арқасында стартаптарды сәтті қолдаудың мысалы ретінде Oskemen Hub-тың Nektar Labs компаниясын айтуға болады. Біздің басшылығымызбен олар Astana Hub ұсынған Startup Garage инкубациялық бағдарламасын сәтті аяқтап, алғашқы инвестицияларын тарта алды. Бұл оқиға облыстық хабтардың стартаптардың өсуі мен дамуына қандай қолдау көрсететінін, өлкедегі инновациялар мен кәсіпкерлік үшін жаңа мүмкіндіктерді ашатынын көрсетеді.
- Қандай серіктестік орнаттыңыздар?
- Сәтті серіктестіктердің бірі Beeline-мен ынтымақтастық болды. Біз Oskemen Hub-қа қолдау көрсету туралы келісім жасадық, бұл Beeline-ға облыстағы IT-қауымдастығын дамыту мақсатында хаб негізінде әртүрлі іс-шараларды ұйымдастыруға мүмкіндік берді. Бұл бастамалар IT-мамандар қауымдастығын нығайтуға көмектесіп қана қоймай, сонымен қатар Өскеменде және оған жақын аудандарда инновациялық және технологиялық дамудың өсуін ынталандырады. Хабты дамытуға Beeline-дан басқа Raiting, Апару және BRSYS сияқты компаниялар да белсенді түрде атсалысуда, бұл олардың жергілікті бастамаларды қолдауға және аймақтағы технологиялық қауымдастықты нығайтуға деген игі ниетін дәлелдейді.
- Сіздің өңірлік менеджер ретіндегі рөліңізде табысқа жету үшін қандай негізгі дағдылар мен білім маңызды және стартаптарға қандай кеңес бересіз?
- IT хабты сәтті басқару үшін бірқатар негізгі дағдылар мен білімдер болуы керек. Бұған жобалар мен бағдарламаларды тиімді басқару қабілеті, ұзақ мерзімді даму стратегияларын әзірлеу үшін стратегиялық ойлау, команданы ынталандыру және ресурстарды оңтайлы бөлу үшін көшбасшылық дағдылар, ақпараттық технологиялардағы инновациялар мен трендтерді терең түсіну кіреді. Стартаптарға берер кеңесім: өніміңізге немесе қызметіңізге нақты көзқарасты, сондай-ақ ұзақ мерзімді перспективада қол жеткізгіңіз келетін мақсаттарды анықтаңыз.
Comments 2
Login to leave a comment
Nursultan Kabenov · Sept. 2, 2024 23:45
👍
Anel Baimaganbet · July 29, 2024 13:49
спасибо что поделились