Global Outsourcer 2.0 қатысушылары құны $355 000 құрайтын 98 экспорттық келісімшартқа қол қойды
Astana Hub-та халықаралық нарыққа шығуды және экспорттық әлеуетін кеңейтуді көздейтін қазақстандық IT-компанияларды қолдауға бағытталған Global Outsourcer бағдарламасының екінші легі қорытындыланды. Үш ай ішінде 15 қатысушы-компания АҚШ, Ұлыбритания, Германия, Канада, БАӘ, Австралия және басқа да 24 елдің клиенттерімен жалпы сомасы $355 034 құрайтын 98 экспорттық келісімшартқа қол қойды.