Global Outsourcer 2.0: IT-аутсорсинг компанияларды қолдау бағдарламасына өтінім қабылданып жатыр

Astana Hub Қазақстанның экспорттық әлеуетін арттыруды көздейтін Global Outsourcer-дің екінші легі іске қосылғанын хабарлайды. Бұл бағдарлама нақты тұтынушыларды қалыптастыруға және халықаралық нарықтан тапсырыстар алуға бағытталған.


Қатысуға өтініштер мына сілтеме арқылы 15 шілдеге дейін қабылданады.

Global Outsourcer 2.0-ге қатысу үшін өз бағытын таңдау, әлеуетті тұтынушыларды тарту және сату бойынша қарқынды оқудан өтетін 20 IT-компания іріктеледі. Акселерация 12 аптаға созылып, компаниялар әлемнің 120 елінен 5 миллионнан астам қолданушысы бар Upwork сияқты биржа-агрегаторлары көмегімен тұтынушылар тарту және сатылым жасау мүмкіндігіне ие болады.

«Бағдарламаға қатысу үшін компания аутсорс және оның әзірлеушілері мен sales-менеджері немесе бас директоры, сондай-ақ жылдық кірісі болуы керек. Компания Қазақстанда тіркеліп, бағдарламаға 3 ай бойы белсенді қатысуға дайын болуы тиіс. Топ мүшесінің бірі ағылшын тілін білуі шарт. Бағдарлама қатысушылары технопаркіміздің резиденті болу мүмкіндігін алады», - деді Ербол Ахметов, Astana Hub бизнес-бағдарламалар офисінің директоры.

Негізгі бағыттарға мобильді қосымшалар, фронтенд және бэкенд әзірлеу, BI-аналитика мен деректерді визуализациялау, Data Science, UX/UI пен Motion video, No-code пен Low-code, маркетинг, AI, Game Dev және басқалары жатады. Бағдарламаға қатысу процестерді жүйелеу, халықаралық нарықтағы стратегиялар мен тауашаларды валидациялау, АҚШ, Еуропа және MENA-дан жаңа тұтынушылар тарту, IT-компаниялар үшін салық преференцияларын төмендету, сондай-ақ халықаралық агенттерден қолдау алу мүмкіндіктерін ұсынады.

Бағдарлама екі блоктан тұрады. Біріншісі – оқыту, оның ішінде 7 live-дәріс, 4 топтық мастермайнд, 5 үй тапсырмасы, тауашаларды таңдау және профильдерді толтыру бойынша жеке стратегиялық сессиялар, сарапшылар және қауымдастық қолдауы мен кері байланысы, тұтынушыларды тарту үшін Upwork-те парақша ашу, хаттар мен жауаптар жазу тәсілдері бар. Екіншісі – Sales - Track блогы. Мұнда трекерлер және сарапшылармен апта сайынғы кездесулер, халықаралық нарықтағы стратегиялар мен тауашаларды валидациялау, тұтынушылар тарту бойынша Upwork-те қарқынды жұмыс істеу, сауда иірімін қалыптастыру мен басқару, белсенді коммуникация және peer-to-peer қолдауын алу, мәмілелер жасау және сарапшылардың көмегімен upsell стратегияларын пайдалану қамтылған.

 2023 жылы Global Outsourcer бірінші легінің қатысушылары 27 елмен жалпы сомасы $158,000 доллардан асатын 69 экспорттық келісімшарт жасады. Осы табысты мәмілелер бағдарлама мүшелеріне АҚШ, Канада, Еуропа, Түркия, Австралия және т.б. халықаралық нарықта қарқынды жұмыс істеуге, өз бизнестерін кеңейтуге үлес қосты.

Global Outsourcer бағдарламасы бойынша қосымша кеңесті astanahub.com платформасынан немесе Astana Hub колл-орталығының 1818 қысқа нөміріне хабарласып, білуге болады.

Пікірлер 4

Кіру пікір қалдыру үшін

Біз де қатыссық ұтуға шанс болуы керек

Жауап беру

Это здорово. Надеемся поучаствовать

Жауап беру

Здравствуйте, заявка сохраняется, но не отправляется. Почему?

Жауап беру