Қазақстандық 14 жоғары оқу орны алғаш рет қазақ тілінде технологиялық кәсіпкерлік курсын енгізіп жатыр

Биылғы оқу жылынан бастап қазақстандық 14 ЖОО бағдарламасына міндетті немесе таңдау пәні ретінде технологиялық кәсіпкерлік курсы енгізіледі. Бакалавриат үшін курс кредит санымен есептеледі. Astana Hub халықаралық технопаркі Startup Academy бағдарламасы аясында тегін оқыту ұйымдастырып, оны 37 оқытушы оқып шықты, олар мамандармен тәжірибе алмасып, курстың мазмұнын бекітті.


Тренингтің ұзақтығы – 36 сағат. Бағдарлама қазақ және орыс тілдеріндегі электронды курсты, мұғалімдердің біліктілігін арттыруды, ЖОО-да технологиялық кәсіпкерлік курсын енгізу және ұйымдастыру бойынша әдістемелік құралмен қамтамасыз етуді, технологиялық кәсіпкерлік бойынша халықаралық курстар туралы  зерттеулерді және заманауи курс  құру үшін оқу бағдарламаларын жаңартуды қамтиды. 

Курсты жүзеге асыру үшін жобалық тәсіл мен  тәлімгерлікті қолдана отырып,  оқытушыларға арналған әдістемелік құрал әзірленді. әсіпкерлік курс аясында  жобалық тәсілді қолдану кезінде студенттер Эрик Райс – Lean Startup және Стив Бланк – Customer Development авторлық тәсіліне негізделген әдістеме бойынша кезең-кезеңімен жеке стартаптарын жасайды. Екі тәсіл де акселераторларда әзірленді және әртүрлі стартаптарда жетілдірілді.

Жобалық тәсілде мұғалім білім беруші  ретінде емес, студенттік стартаптардың тәлімгері ретінде әрекет етеді. Бұл нұсқаулық мұғалімдерге  ұзақтығы әртүрлі: 1 триместр, 1 семестр және тіпті 1 апталық экспресс  курсты құруға көмектеседі. Оқу әдістері, тәлімгерлік және тапсырмалардан бөлек, әр сабаққа  кері байланыс бергенде нені ескеру керектігі туралы ұсыныстар қосылды.

«Қазақстанның барлық өңіріндегі университеттермен ынтымақтастығымыз IT-стартаптар мәдениетін дамытуға және студенттік өмірдің алғашқы жылдарынан бастап технологиялық кәсіпкерлерді дайындауға тамаша драйвер болады деп үміттенеміз», – деді Astana Hub халықаралық технопаркінің басқарушы директоры Алина Әбдірахманова.

Пікірлер 0

Кіру пікір қалдыру үшін