900 мың рет көшіріледі, мұнымен тоқтап қалмайды – Not Friendly Games ойын нарығын жаулап алуға әзір
Бүгінде жаһандық ойын индустриясын ең ауқымды әрі қарқынды дамып келе жатқан салалардың бірі деуге болады. Сарапшылар қазірдің өзінде компьютерлік ойындар нарығын 300 миллиард долларға бағалап отыр. Ал бүкіл әлемдегі геймерлер саны 3,2 миллиард адамға жетті. Әттегенайы сол – видеоойындар сонша танымал десек те, болашағы зор нарықта Қазақстаннан шыққан әзірлеушілер көп емес. Он мыңдаған геймердің жүрегін жаулаған сапалы өнімдер жоқтың қасы. Astana Hub-қа қатысушысы қазақстандық Not Friendly Games стартабы бұл қалыпты өзгертпекші. Сөйтіп, халықаралық деңгейде жетістікке жеткен алғашқы қазақстандық студия болуға әзір тұр.
Not Friendly Games негізін қалаған Артем Ниязов Er10.media тілшісіне «Қазақстанның 100 стартап тарихы» жобасы аясында ойын қалай жасалғанын және халықаралық нарыққа шығу мүмкіндігі туралы айтып берді.
«Қазақстанның 100 стартап тарихы» – Er10 Media және Astana Hub редакциясының бірлескен жобасы. Біз қазақстандық стартаптардың жетістіктері туралы айтып, ең қызық жобаларды көрсетеміз. Кейіпкерлер арасында Astana Hub мүшелері, сонымен қатар басқа да инновациялық және технологиялық өнімдер мен қызметтер бар. Барлық материал үш тілде – қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде жарияланады.
Толығырақ er10.kz сайтынан оқыңыздар.
Пікірлер 8
Кіру пікір қалдыру үшін
Alexandr Timofeyev · Там. 26, 2024 11:47
Круто! 🔥🔥🔥
Inju Baltabekkyzy · Там. 16, 2024 14:39
Очень впечатляет!
Асылбек Аленхан · Там. 8, 2024 13:18
Керемет!
Zhasmina Dybysbay · Шілде 23, 2024 15:48
+1 игра в wishlist))
Бақдәулет Есназаров · Шілде 23, 2024 14:40
Данная сфера нуждается в развитий, правильное направление!
Бақдәулет Есназаров · Шілде 23, 2024 14:40
Как на счет больше стратегий в мобильной платформе?
Бақдәулет Есназаров · Шілде 23, 2024 14:37
Керемет!!!
Мухаммедали Казакбай · Шілде 12, 2024 15:27
Olzhass_games бар емес пе? Как пример