Қазақстан Президенті түркі мемлекеттері басшыларын Astana Hub әлеуетін пайдалануға шақырды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымының бейресми саммитіне қатысты. Мемлекет басшысы өз сөзінде коммуникация саласын дамыту маңызды бағыттың бірі екеніне тоқталды.
«Бүгінде Каспий теңізінің түбімен талшықты-оптикалық кабель тарту жұмыстары жүргізіліп жатыр Бұл жоба елдеріміз арасындағы байланыстың сапалы болуын қамтамасыз етеді. Сондай-ақ аймақтың әлеуметтік-экономикалық өсіміне жағдай жасайды. Жасанды интеллект және спутник жүйесі сияқты озық технологияның әлеуеті де зор. Біз жасанды интеллект саласы кадрларын даярлау мәселесіне баса мән береміз. Осы ретте арнайы мектептер желісін құруды көздеп отырмыз. Ол әлемдегі озық компаниялардың платформасына негізделетін болады. Біз Орталық Азияда IT-стартаптармен айналысатын «Astana Hub» технопаркін құрдық. Баршаңызды осы хабтың әлеуетін пайдалануға шақырамын», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Бұдан бөлек, Президент елдеріміз үшін төл өркениетіміз бен ана тілімізді сақтау мәселесі айрықша маңызды екенін атап өтіп, жасанды интеллектінің көмегімен «Үлкен тілдік түркі моделін» әзірлеуді ұсынды.
Толығырақ akorda.kz сайтынан оқыңыздар.
Пікірлер 2
Кіру пікір қалдыру үшін
Данияр Ерболатов · Шілде 31, 2024 20:31
правильно
Бақдәулет Есназаров · Шілде 23, 2024 14:37
Правильно нужно развивать сферу ИТ