CEVF 2024: Қазақстандық IT-өнімдердің жаһандық экспансиясы
Инвесторлар Алматыда өткен CEVF венчурлық форумын ең ауқымды Web Summit технологиялық жиынымен салыстырды.
CEVF 2024 алаңында InDrive юникорн-компаниясы негізін қалаған Арсен Томский, Fastfounder негізін қалаған кәсіпкер әрі инвестор Аркадий Морейнис, Сингапурдағы ең ірі періштелер синдикаты негізін қалаған Милан Рейнарц, Sergek Group IT-компаниялар тобының негізін тең қалаушы Қайрат Ахметов, Lulu Group, Metabody және Metafarm компаниялары желісінің негізін қалаушы Әсел Машанова, Өзбекстандағы алғашқы юникорн UZUM-ның операциялық директоры Роман Лаврентев және әлемнің басқа да белсенді инвесторлары сөй сөйледі.
«CEVF Орталық Азия мен Қазақстанның технологиялық даму және инвестициялық тартымдылық орталығы ретіндегі әлеуетін танытады. Astana Hub үшін бұл оқиға өңірдегі венчурлық капиталдың өсуі мен жетілу динамикасының маңызды индикаторы іспеттес. Біз қазақстандық IT-өнімдердің экспорты мен жаһандық экспансиясын қолдауды күшейтетін Astana Hub Ventures атты венчурлық қорды іске қосамыз. Жаңа қор қазақстандық стартаптардың шыңдалуын жеделдетіп, қаржыландыруға және халықаралық нарыққа қол жеткізуге мүмкіндік береді. Біздің міндетіміз инвестиция салу ғана емес, сонымен қатар жаһандық серіктестер желісі мүмкіндіктерін пайдаланып, тәлімгерлік және консультациялық қолдауды қамтамасыз ету. Осы арқылы стартаптардың шетелдік венчурлық қорлардан инвестиция тартып, әлемдік аренада ауқымды және табысты бәсекелесе алуы үшін жағдай жасалады», - деді Мағжан Мәдиев, Astana Hub бас директоры.
Толығырақ dknews.kz сайтында
Пікірлер 3
Кіру пікір қалдыру үшін
Ermuhambet Calmenov · Шілде 10, 2024 17:07
неге біздің әріптестер тек қана орыс тілін қолданып жүр?
ТОО ASTROBAKERS · Шілде 10, 2024 15:04
Keep moving forward!!!
Damir Uali · Маусым 23, 2024 00:56
Потому что