Жыл сайынғы Astana Hub Awards сыйлығына өтінімдерді қабылдау басталды
Сыйлықтың мақсаты - табысты кәсіпкерлік IT-бастамаларды көтермелеу, елде инновацияларды дамытуға және қолдаушы инфрақұрылымды нығайтуға жәрдемдесу. Сыйлық аясында Қазақстанның стартап-экожүйесінің үздік IT-компаниялары марапатталады.

Сыйлық инновациялық экожүйеде маңызды нәтижелерге IT-нарықты ынталандыруға арналған.
Өтінім бере отырып, қатысушылар өз жобасының кең аудиторияға шығаруға, сондай-ақ салалық серіктестерге қол жеткізуге, Қазақстанда өзінің IT-кәсіпкерлігін дамытуды қолдауға мүмкіндік алады.
Сыйлықты тапсырудың ресми рәсімі 2021 жылғы 28 қазанда Нұр-Сұлтан қаласында өтеді.
АТ-компанияларды Astana Hub Awards-қа қатысуға және келесі номинациялардың біріне қатысып, өтінім беруге шақырамыз:
- АТ-жыл кәсіпкері
- Жылдың АТ-стартапы
- Жылдың ашылуы
- Жылдың АТ-экспорттаушысы
- Жыл инвестициялары
Өткен жылдардағы сыйлықтың жеңімпаздары: Chocofamily Holding негізін қалаушы және ортақ иеленуші Рамиль Мухоряпов, Arbuz.kz онлайн-супермаркетінің негізін қалаушы Алексей Ли, Nommi компаниясы, Biometric және басқалары.
Байқауға қатысу шарттарымен Astana Hub сайтындағы сілтеме бойынша танысуға болады. Өтінімдер 2021 жылғы 16-22 қазан аралығында қабылданады.
Сәттілік тілейміз!
Пікірлер 0
Кіру пікір қалдыру үшін