Бульдозер табуға ЖИ көмектеседі – TapQan арнайы техника іздеуге арналған платформа жасады

Компанияларға да, қарапайым адамдарға да ауыр өнеркәсіптік жабдықтар қажет кездер болады. Мысалы, жаңа үйдің іргетасын қалауға, шұңқыр қазуға, көпқабатты үй тұрғызуға, жүк тасымалдауға, ескі сарайды бұзуға, құрылыс қалдықтарын шығаруға. Мұндайда экскаватор, жүк тиегіш, бульдозер мен кран сияқты ауыр машиналарсыз қиын. Дегенмен жоғары білікті оператор болса да, дұрыс жабдықты жылдам табу өте қиынға соғуы мүмкін. Адамдар интернеттен іздейді, жарнамаларды көреді, бірақ жұмыс сапалы және уақытында аяқталатынына кепіл жоқ. TapQan платформасы нарықтағы осы мәселені шешуге арналған. TapQan стартабының негізін қалаушы Бейбарыс Дүйсен Er10.media сайтына Қазақстанда арнайы техника нарығын қалай дамытатынын және клиенттерге арнайы жабдықты таңдауға ЖИ қалай көмектесетінін айтып берді.


Платформа техниканы жалға алу процесін жеңілдетіп, клиенттерді құрылғы иелерімен байланыстырып, қажетті техника мен білікті операторларға уақытылы қол жеткізуді қамтамасыз етеді. Бұл жаңашылдық нарықтағы негізгі кемшіліктерді жойып, құрылыс пен өнеркәсіп саласындағы кәсіпорындар мен жеке тұлғалар үшін жылдам әрі сенімді шешім ұсынады.

Толығырақ er10.kz сайтынан оқуға болады.

Пікірлер 1

Кіру пікір қалдыру үшін

интересный стартап👍🏻🔥

Жауап беру