Astana Hub IT-стартаптар халықаралық технопаркі Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз-брифингінде үш жыл ішіндегі өз қызметінің қорытындыларын таныстырды
6 қарашада технопарк 3 жасқа толды. Astana Hub технопаркінің жаһандық міндеті — инновациялық жобаларды дамыту орталығына айналу, серпінді IT-компанияларды шығару, сондай-ақ бүкіл әлемнің жас және талантты IT-мамандарын тарту ошағына айналу.
«Қазіргі уақытта Astana Hub қатысушылары 574 компания болып табылады, олардың жиынтық кірісі 166 млрд теңгені, ал тартылған қаржыландыру көлемі - 56,5 млрд теңгені құрады. Технопаркке шетелдің қатысуымен 54 компания тіркелген, ал технопарк қатысушыларында шетелдік жұмыскерлер саны 184 адамды құрайды. IT-қоғамдастықты дамыту үшін 1000 - нан астам іс-шаралар өткізілді, оған 55 000 тыңдаушы қатысты», - деді бас директор Мағжан Мәдиев.
Технопарк қатысушылары салық жеңілдіктерін алады. Преференциялар қатысушыларды КТС, ҚҚС, тауарлар импортына ҚҚС, роялти салығы, ЖТС және резидент еместер үшін әлеуметтік салық сияқты салықтарды төлеуден босатады. Мемлекеттік қолдаудың осындай шарасы IT-компанияларға үнемделген қаражатты өз жобаларын дамытуға қайта инвестициялауға мүмкіндік береді.
«Осылайша, үш жыл ішінде технопарк қатысушылары үшін салық бойынша үнем 14,9 млрд теңгені құрады», - деп атап өтті Astana Hub технопаркінің бас директоры Мағжан Мәдиев.
Технопарк аумағында Alem бағдарламалау мектебі де жұмыс істейді. Қазір мектепте 200-ден астам адам оқиды.
«Олар өте дарынды, мақсатқа ұмтылған студенттер, тіпті кейбіреулері alem-дегі дағдыларының арқасында халықаралық АТ-компанияларға жұмысқа орналасты. Мысалы, Әділбек Тұрсынбек – alem мектебінің ең жас студенті, ол 17 жаста. Биыл ол мектепті бітіріп, Microsoft-та қашықтан әзірлеуші болып жұмыс істейді. Alem - де осындай талантты, серпінді студенттер өте көп», - деді Alem бағдарламалау мектебінің басқарма төрағасы Дагар Давлетов.
Сондай-ақ, Astana Hub ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі Министрлігінің қолдауымен қазіргі уақытта Tech Orda бағдарламасын іске асыруда. Бағдарлама қазақстандықтарға IT - мамандықтарды оқытуға 600 000 теңге көлемінде қаржыландыру алуға мүмкіндік береді.
2021 жылы бағдарлама алғаш рет іске қосылды және 100 қазақстандыққа жетекші бағдарламалау мектептерінде оқуға квота береді. Бағдарламаға Қазақстан бойынша 13 IT-мектеп (Нұрсұлтан, Шымкент, Алматы, Қарағанды, Орал, Семей, Ақтау) қатысуда. Жалпы, бағдарлама аясында таяудағы бес жылда, 2025 жылға қарай бүкіл Қазақстан бойынша үздік бағдарламалау мектептерінде IT-мамандарды оқытуға 20 000-нан астам грант беру жоспарланып отыр.
«Жыл соңына дейін еліміз бойынша 100 студент мемлекет есебінен IT-мамандықтары бойынша оқыту курстарынан өтеді. Келесі жылы квоталар саны 2000-ға дейін артады, ал 2025 жылға қарай Tech Orda бағдарламасының арқасында біз 20 000 IT-кадр дайындауды жоспарлап отырмыз», - деп атап өтті Мағжан Мәдиев.
Білім беру бағдарламаларынан басқа, технопаркте стартаптардың дамуын жеделдететін және олардың табысқа жету мүмкіндігін арттыратын бизнес-бағдарламалар да іске асырылады. «Мысалы, стартаптарды ерте сатысында біз 849 жобадан өткен инкубаторға орналастырамыз. Олардың ең жақсысы акселераторға өтеді. 2018 жылдан бері акселерацияның 9 легі өтті, түлектердің жалпы саны 232 стартапты құрады. Келесі кезеңде қоғамдастық қатысушылары салықтық преференциялар түрінде қолдауға қол жеткізе алады», - деп түсіндірді Мағжан Мәдиев.
Брифингте халықаралық технопарктің қатысушысы болып табылатын ApartX жас IT-компаниясы да өз жетістіктерімен бөлісті. ApartX қызметі - бұл күнделікті жалға берілетін жылжымайтын мүлік иелеріне арналған мобильді қосымша. Қосымша ақылды құлыптар көмегімен объектілерді қашықтықтан және қауіпсіз басқаруға мүмкіндік береді. Бүгінде жоба тобында 12 адам жұмыс істейді. Стартап 7 қалада ұсынылған, олар: Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Павлодар, Ақтөбе, Көкшетау және Мәскеу. Компания өз өнімін түрлі елдерге экспортқа шығару үшін белсенді түрде жұмыс істеуде.
«Жарты жыл ішінде біздің жүйеге 100 пәтер қосылды, платформамыз арқылы 9000-нан астам бронь өтті. Біз Қазақстанда және Ресейде, Нұрсұлтан, Алматы және Мәскеуде іске қосылдық. Біз жергілікті жалдау алаңымен интеграцияны іске қостық және 100 000 $ алдын-ала тапсырысқа ие болып отырмыз. Әрбір жұмсалған доллар бізге 6 доллар кіріс әкеледі. Біз ақылды құлып өндірушісімен ең арзан бағаға эксклюзивті келісім жасастық. Пандемия кезінде біздің шешіміміз Covid-19 инфекциясының алдын алу үшін пәтерлерді жалға беру тиімділігін көрсетті», - деді ApartX компаниясының негізін қалаушы Қанат Келдібеков.
Astana Hub акселерация бағдарламасының түлегі болып табылатын тағы бір компания, Makdent - стоматологияларды автоматтандыруға арналған онлайн-сервис. Mac Dent сервисі стоматологиялардың өз клиенттерімен әрекеттестігін жақсарту үшін әзірленген. Ол клиенттерді жазу, қабылдау және қайтару үдерістерін автоматтандырады. Осының арқасында клиенттердің адалдығы артады, қызметкерлеріңіздің қағаз жүктемесі азаяды, клиниканы басқару процестері айқын болады. Мұның бәрі уақыт шығындарының төмендеуіне әсер етеді, клиниканың кірістілігі мен оның пайдасы артады.
Акселерация аясында алынған білімнің арқасында компания енді өз өнімін басқа елдерге белсенді түрде кеңейтуде.
«Біздің сервисті Қазақстан, Қырғызстан және Ресейде 200 - ден астам стоматология пайдаланады», - деп бөлісті Macdent компаниясының негізін қалаушы Мақпал Ораққызы.
Баспасөз брифингі аясында енді қазақстандық стартаптар Plug and Play бағдараламасы арқылы акселерациядан өте алатыны белгілі болды. Plug and Play Tech Center — штаб-пәтері Кремний алқабында орналасқан әлемдегі ең ірі акселератор және инвестор. Олардың платформасы 40 000-нан астам стартаптарды, 500-ден астам жетекші әлемдік корпорацияларды, соның ішінде университеттер мен мемлекеттік мекемелерді, сондай-ақ 300-ден астам венчурлық қорларды, университеттер мен мемлекеттік мекемелерді біріктіреді. Жыл сайын Plug and Play бүкіл әлем бойынша стартаптарға $25,000-нан $500,000-ға дейінгі көлемде қаржы салады. Plug and Play Kazakhstan корпоративтік акселераторы Astana Hub пен «Транстелеком» АҚ ынтымақтастығы аясында іске қосылады. 20 ІТ-стартап Кремний алқабындағы сарапшылардың тәлімгерлігімен дағдыларды игеріп, инвестициялар тарта алады, сондай-ақ ірі пилоттық корпорацияларды бастап, Playbook Plug and Play платформасында орналасады. Акселераторға әлемнің түкпір-түкпірінен IT-командалар қатысады, сондықтан қазақстандық компаниялар басқа елдердің командаларымен қарым-қатынас жасайтын болады.
Пікірлер 0
Кіру пікір қалдыру үшін