Көзі нашар көретін адамдарға арналған қазақстандық стартап Дүниежүзілік банкке бірегей технологиясын таныстырды
Стартап кәдімгі бизнестен несімен ерекшеленеді? Бірінші кезекте маңызды проблемалардың шешілуі. Бұл тұрмыстық, әлеуметтік, экологиялық, медициналық және қоғам үшін маңызды кез-келген басқа мәселелер болуы мүмкін. Осындай жобалардың бірі көзі нашар көретін адамдарға арналған "ақылды" шешімдерді әзірлейтін инновациялық отандық "Sezual" стартап болып табылады.
13 қарашада Astana Hub технопарк қызметкерлері мен "Sezual" командасының Дүниежүзілік банк өкілдерімен кездесуі өтті. Қонақтар Нұр-сұлтанға халықаралық ұйымның штаб-пәтері орналасқан Вашингтоннан келді.
Бітімгершілік қызмет шеңберінде Дүниежүзілік банк 21 ғасырдың әлеуметтік проблемаларын шешетін технологиялық стартаптармен жұмыс істейді. Кездесу барысында Ғалымжан Ғабдрешов пен Әбділда Шәменов "Sezual" мүгедектер қоғамдық бірлестігінің қатысушылары көру қабілеті бұзылған адамдарға эхолокация көмегімен 15 метр радиуста үш өлшемде қоршаған кеңістікті "көруге" көмектесетін тифлоаппаратты таныстырды. Әзірлеушілер бұл құрылғы әлемде теңдесі жоқ деп мәлімдейді.
2017 жылы жоба Дүниежүзілік Банктің Қазақстандағы ғылыми зерттеулер мен технологияларды коммерцияландыруға қолдау көрсететін Өнімді инновацияларды ынталандыру жобасы шеңберінде грант алды. Сонымен қатар, стартап әр жылдары Astana Hub түрлі бағдарламалары мен салық режимінің, оның ішінде Astana Hub Roadshow шетелдік инвесторларды іздеу жөніндегі бағдарламаның қатысушысы болды.
Шетелдік қонақтар: Katarzyna Мопика Zajdel-Kurowska - Дүниежүзілік банк тобының Орталық Азия бойынша атқарушы директоры, Ilias Skamnelos, Martin Melecky, Mariana Iootty De Paiva Dias ұйымдарының менеджерлері мен экономистері, сондай-ақ Дүниежүзілік Банктің қазақстандық өкілдігінің қызметкерлері технопарк және Alem бағдарламалау мектебі бойынша экскурсияға барып қайтты.
Дүниежүзілік банк-білім беру, денсаулық сақтау, ауыл шаруашылығы, коммуникация, қоршаған ортаны қорғау және мемлекеттік басқару сапасын жақсарту салаларында дамушы елдерге қаржылық және техникалық көмек көрсетуді ұйымдастыру мақсатында құрылған халықаралық қаржы ұйымы.
Айта кетейік, Astana Hub IT-стартаптар халықаралық технопаркінің барлық қатысушылары салық жеңілдіктеріне ие болады. Преференциялар қатысушыларды КТС, ҚҚС, тауарлар импортына ҚҚС, роялти салығы, ЖТС және резидент еместер үшін әлеуметтік салық сияқты салықтарды төлеуден босатады. Мемлекеттік қолдаудың осындай шарасы IT-компанияларға үнемделген қаражатты өз жобаларын дамытуға қайта инвестициялауға мүмкіндік береді.
Пікірлер 0
Кіру пікір қалдыру үшін