«Ұлттық инновациялық жүйе» бірыңғай терезесінде жаңа қызмет іске қосылды
2024 жылдың 21 қарашасынан бастап «Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерін аккредиттеу» мемлекеттік қызметін алу процесі жеңіл әрі қолжетімді бола түсті. Енді бұл қызмет «Ұлттық инновациялық жүйе» бірыңғай терезесі astanahub.com арқылы ұсынылады.
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым комитеті Astana Hub-пен бірлесіп, өтініштерді толығымен оңтайландыруға мүмкіндік беретін пилоттық жобаны іске қосты. Енді уәкілетті органмен өзара байланыс цифрлық форматта жүзеге асырылады, бұл рәсімделуді жеңілдетіп, уақыт пен ресурстарды үнемдейді. Сонымен қатар жүйе мүмкіндіктері тұрақты түрде жетілдіріліп отырады, ал пайдаланушылар өз пікірлері мен ұсыныстарын ұсына алады.
Аккредиттеу ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет субъектілеріне Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптар мен стандарттарға сәйкестігін растайтын ресми мәртебе береді. Бұл мәртебе гранттық бағдарламаларға, байқауларға және ғылым мен технологиялар саласындағы басқа да бастамаларға қатысу мүмкіндіктерін ашады.
Аккредиттеу куәлігі – бұл ғылыми немесе ғылыми-техникалық қызметпен айналысатын жеке немесе заңды тұлғаның қызметін уәкілетті органның ресми түрде мойындағанын растайтын құжат. Куәлік қызметтің заң талаптары мен стандарттарға сәйкестігін ресми түрде растайды.
Барлық ғылыми және ғылыми-техникалық сала өкілдерін осы заманауи әрі ыңғайлы құралды пайдалануға шақырамыз!
Өтініштер «Ұлттық инновациялық жүйе» бірыңғай терезесі ақпараттық жүйесі арқылы сілтеме бойынша қабылданады. Мемлекеттік қызметтің пилоттық іске қосылуына қатысты қосымша сұрақтар бойынша мына телефондарға хабарласуға болады: +7 (7172) 74 23 89. Техникалық қолдау қызметі: +7 (7172) 73 50 89, 1818.
Пікірлер 0
Кіру пікір қалдыру үшін