Ulytau Hub-тың негізгі мақсаты — жергілікті IT-қоғамдастық пен стартап мәдениетін дамытуға қолайлы орта құру, технологиялық кәсіпкерлікті ынталандыру және өңір тұрғындары үшін цифрлық білім беруді қолдау.
Ұлытау облысының әкімі Дастан Адайұлы былай деп атап өтті: «Ulytau Hub-тың ашылуы жай ғана іс-шара емес, бұл — өңір дамуындағы жаңа кезең. Біз жас таланттарымыз бен кәсіпкерлеріміздің IT саласындағы өз амбицияларын жүзеге асыруы үшін қажетті қолдау мен ресурстарды алуына жағдай жасап отырмыз. Ulytau Hub-тың Ұлытау облысының экономикасын нығайтып, оны заманауи әрі тұрақты етуге бағытталған идеялардың тоғысатын орталығына айналатынына сенемін».
Жаңа орталықта инкубациялық бағдарламалар, оқу курстары және семинарлар ұйымдастырылады. Сондай-ақ митаптар, воркшоптар, Speaker Talks, Idea Battle, Pizza Pitch, форумдар, хакатондар, халықаралық олимпиадалар және басқа да тәжірибе мен идея алмасуға бағытталған кездесулер өткізіледі.
Astana Hub өңірлік даму офисінің директоры Аида Дусова: «Ulytau Hub — Қазақстан бойынша қарқынды IT-экожүйелер құру жолындағы маңызды қадам. Біздің мақсатымыз — инновациялық идеяларды қолдап, жергілікті деңгейде технологиялық кәсіпкерлікті дамыту. Astana Hub үшін Ulytau Hub — таланттар мен идеялардың дамуына мүмкіндік беретін және өңірдің IT-қоғамдастығын қолдап, жаңа белестерге жеткізетін орта,» — деді.
Бүгінде Қазақстанның 16 өңірінде IT-хабтар белсенді жұмыс істеуде, ал жылдың соңына қарай Петропавлда соңғы, он сегізінші хабтың ашылуы жоспарда бар. Бұл орталықтар ұлттық технологиялық экожүйенің ажырамас бөлігіне айналып, жергілікті қауымдастықтарды қалыптастыруға және цифрлық дағдыларды дамытуға ықпал етуде.
Өткен жылдан бері өңірлік IT-хабтар 50 мыңнан астам қатысушының басын қосқан және 440 стартаптың әлеуетін көрсеткен 1700-ден астам іс-шара, соның ішінде тоғыз халықаралық ақпараттық-коммуникациялық технологиялар форумын өткізді. Бұл бастамалардың арқасында шамамен 200 IT-компания Astana Hub экожүйесіне қосылып, ел бойынша IT-индустрияның дамуына оң әсерін тигізді.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында өңірлерде инновациялық инфрақұрылым құрудың маңыздылығын атап өтіп, жас таланттар мен технологиялық кәсіпкерлікті қолдау қажеттілігіне назар аударды. Ulytau Hub-тың ашылуы Қазақстанның инновациялық әлеуетін нығайтуға бағытталған осы ауқымды жоспардың бір бөлігі болып табылады.