Prometei: жеке тауарыңыз болмаса да, маркетплейс арқылы ақша табуға мүмкіндік беретін стартап
Маркетплейстегі сатушылар бірнеше қиындыққа кезігеді: кейбіреуі миллиондаған сомаға тауар сатып алып, кейін оны сата алмай қалады. Ал енді бірі электронды коммерцияны негізгі жұмысымен біріктіре алмайды. Маркетплейстерде жеті жыл тәжірибе жинаған Дәулет Батырбек бұл саланы терең меңгеріп, Prometei стартабының негізін қалады. Бұл стартап – сатушыларды жеткізушілермен және маркетплейстермен байланыстыратын B2B агрегатор. Дәулет ER10 Media-ға «Қазақстанның 100 стартап тарихы» жобасы аясында берген эксклюзивті сұхбатында электронды коммерция мәселелерінің шешімі туралы айтты.
Prometei сервисі тауарға ақша салудан бастап соңғы сатып алушыға жеткізуге дейін бүкіл процесті жеңілдетеді. Платформаға жазылған пайдаланушыға мыңдаған жеткізуші мен дайын фотолары және сипаттамасы бар жарты миллион өнім қолжетімді болады. Кәсіпкерлерге қомақты қаржы салудың қажеті жоқ. Prometei платформасы арқылы тіпті бір дана тауарды көтерме бағада сатып ала аласыз.
«Қазір біздің клиенттеріміз тек қазақстандықтар. Бірақ қатаң іріктеуден өткен стартабымыз Astana Hub компаниясының Google for Startups жеделдету бағдарламасы аясында Өзбекстан мен Қырғызстанға жету үшін жұмыс істеп жатырмыз. Бұл елдер Wildberries және Ozon-да ресми түрде бар, ал Өзбекстанда Uzum базары қарқын алып келеді. Kaspi Bank-тің Өзбекстан нарығына шығу және Umo төлем жүйесін алу ниетінің өзі – маңызды көрсеткіш. Өзбекстанда электронды коммерцияның енуі Қазақстанға қарағанда аз, бірақ нарықтың болашағы зор. Біз есептеп, анализ жасап, болжап көрдік. Барлық көрсеткішіне қарағанда қызық нарық. Енді соған көмектесетін серіктестер таптық», – деді Дәулет Батырбек.
Толығырақ er10.kz сайтынан оқуға болады.
Пікірлер 7
Кіру пікір қалдыру үшін
Abylay Allamurat · Қар. 1, 2024 10:07
👍
Laura Meir · Қаз. 21, 2024 12:18
🔥Супер!
Lain Iwakura · Қаз. 21, 2024 11:43
👍🏻🔥
Arman Zhalgasbayev · Қаз. 19, 2024 22:36
Cool, good luck 🍀
Нурлан Жунусов · Қаз. 18, 2024 22:33
Пусть все получится!
Almas Urazbekov · Қаз. 17, 2024 22:52
Удачи
Lain Iwakura · Қаз. 17, 2024 17:33
👍👍👍