TapHR стартабы сізге қызметкер іздеуге көмектеседі, сонда кәсібіңізге көп ден қоя аласыз
Компаниялар өздеріне қажет қызметкерді іздеуге көп уақыт жұмсайды. Оған қоса кадрларды таңдаушы (рекрутер) шынымен де тиімді ме, жоқ па, оны да түсіну үшін жұмысын дұрыс бағалай алмай жатады. Бекұзақ Амангелді, Анастасия Денис және Аружан Балғынбаева осы мәселемен бетпе-бет келіп, Қазақстанда HR қызметі автоматтандырылмағанын түсініп, tapHR стартабының негізін қалаған. Бұл жоба қызметкерлерді іріктеу процесін жеңілдетіп, жылдамдатады. tapHR командасы ER10 Media редакциясына стартаптың қалай дамып жатқаны және Қазақстандағы HR-дың негізгі проблемалары туралы «Қазақстанның 100 стартап тарихы» айдары аясында әңгімелеп берді.
«HR индустриясы енді енді цифрландырылып жатыр. Сондықтан барлық компания платформаның негізгі мәнін, не үшін қажет екенін түсіне бермейді. Әдетте олардың бірінші қоятын сұрағы: «Жұмысқа қабылдау процесін не үшін автоматтандыру керек?» Цифрландыру Қазақстанның көп салаларына, атап айтқанда қаржы саласына берік енгенімен, адамдар ол HR-ға қажет болады деп ойламайды. Сол кезде біз клиенттердің мәселелерін талдап, олардың мысалы арқылы қалай көмектесе алатынымызды көрсетеміз. Осыдан кейін ғана олар платформаның артықшылығын түсініп, осы жақа ауысуға келіседі. Astana Hub демо күнінде біз ірі компаниялардың назарын HR-ға аудара алдық: Forbes тізіміндегі компаниялар мен басқалары бізге жүгінді. Бұл ірі бизнес ойыншылары автоматтандырылған HR қызметіне мұқтаж екенін дәлелдейді», - Бекұзақ Амангелді, tapHR компаниясының негізін тең қалаушы және бас директоры.
Толығырақ er10.kz сайтынан оқуға болады.
Пікірлер 7
Кіру пікір қалдыру үшін
Abylay Allamurat · Қар. 1, 2024 10:14
👍
Almas Urazbekov · Қаз. 19, 2024 08:45
Удачи
Мансур А · Қаз. 3, 2024 22:21
👍
Санжар Турабаев · Қаз. 1, 2024 01:27
cool
БЕХРУЗ ТОХТАМИШОВ · Қыр. 30, 2024 12:33
🔥🔥
sturdytea · Қыр. 30, 2024 09:54
Обожаю эту рубрику, по-моему это самая лучшая коллаборация ❤️
БЕХРУЗ ТОХТАМИШОВ · Қыр. 28, 2024 17:57
✨✨