Қазақстандық стартап Германиядағы Constructor Start халықаралық акселераторындағы ТОП-15 жобаның қатарына енді
KazScanService компаниясы әзірлеген қазақстандық deeptech-стартап QazTWIN Германияның Бремен қаласындағы Constructor University кампусында өткен Constructor Start халықаралық акселерациялық бағдарламасының Demo Day шарасына қатысты. Онда стартап көрермендер көзайымы жүлдесін жеңіп алып, ең үздік 15 жобаның қатарына енді.

Сегіз аптаға созылған акселерациялық бағдарлама барысында қатысушылар B2B SaaS, DeepTech және EdTech салаларында жұмыс істейтін стартаптар үшін арнайы әзірленген менторлық бағдарламадан, өнімді пысықтау, бизнес-модельді жетілдіру және ауқымдану стратегиялары бойынша қарқынды курстан өтті. Бағдарламаға әлемнің түкпір-түкпірінен 3500-ден астам өтінім түсіп, тек 11 елден 15 үздік команда ғана финалға жолдама алды.
Astana Hub резиденті болып табылатын QazTWIN стартабы өндірістік нысандарға арналған цифрлық егіздер платформасын ұсынды. Бұл шешім SCADA, IoT, ERP және басқа да жүйелерден келіп түсетін дерек ағындарын 3D-модельдермен біріктіріп, өндірістік кәсіпорындарға процестерді нақты уақыт режимінде кешенді түрде бақылауға мүмкіндік береді. Платформа қазірдің өзінде Қазақстандағы энергетика және инфрақұрылым нысандарында енгізіліп жатыр.
«QazTWIN – бұл жай ғана идея емес, нақты мәселелерді шешуге арналған дайын өнім. Бізге дауыс берген барша жанға алғыс айтамыз – бұл біздің миссиямыздың қолдау тапқанын білдіреді. Көрермендер дауысында жеңіске жету – тек мойындау ғана емес, сонымен қатар алға жылжуымызға серпін беретін зор мотивация. Бұл – біз дұрыс бағытта келе жатқанымыздың және технологиямыздың саланы өзгертуге қабілетті екенінің дәлелі», – деді KazScanService компаниясының бас директоры Темірлан Бұланбай.
Көрермендер жүлдесі ретінде команда Constructor Start акселераторының бас директоры және Constructor University Кәсіпкерлік және инновациялар орталығының директоры Дмитрий Куринмен 10 сағаттық жеке менторлық сессиялар өткізу мүмкіндігіне ие болды. Бұл мүмкіндікті команда халықаралық нарықтарға – атап айтқанда, Үндістан, Қытай, MENA елдері мен Оңтүстік Африкаға шығуға, сондай-ақ келесі инвестициялық раундқа дайындыққа пайдаланбақ.
Demo Day-дағы табыстан кейін команда белсенді жұмысын жалғастырып жатыр: үш пилоттық жоба аяқталып, бір коммерциялық келісім іске асырылуда, сондай-ақ платформаның масштабталатын SaaS-нұсқасы әзірленуде. Стартап келесі халықаралық қадам ретінде Испаниядағы B Acceleration Week іс-шарасына қатысып, өз шешімдерін Еуропа мен Латын Америкасының инвесторлары мен корпорацияларына таныстыруды жоспарлап отыр.
Пікірлер 0
Кіру пікір қалдыру үшін
Larry Jemmy · Шілде 13, 2025 15:37
WHAT CAN I DO TO RECOVER MY STOLEN BITCOIN? CONSULT THE HACK ANGELS I understand the frustration and stress associated with lost funds through investment scams. They got me and did away with 2.4 million dollars. Luckily, I have some influences around who introduced me to a hacker called THE HACK ANGELS. As specialists in crypto recovery, the team of expert professionals is dedicated to helping individuals and businesses reclaim their lost money lost to investment scams. I couldn't believe my eyes when my 2.4 million dollars was recovered. I’m truly grateful for their service and I feel it is right that I put this out here for anyone who might require their services. You can contact them directly at Email at support@thehackangels.com Website at www.thehackangels.com WhatsApp +1(520)2 0 0-2 3 2 0 I know this might be irrelevant to most of you but if you've ever lost your cryptocurrency to these online scammers on the internet and you need help retrieving it. THE HACK ANGELS is the best cryptocurrency recovery expert. If you're in London, you can even visit them in person at their office located at 45-46 Red Lion Street, London WC1R 4PF, UK.
Elias Zholaman · Шілде 1, 2025 20:02
Молодцы!)
Nurzhan Kalniyazov · Маусым 18, 2025 10:25
Можете ли вы сказать, на каком предприятии в Казахстане установлена эта система?
Шотт Вильгейм · Маусым 18, 2025 09:47
классно