Astana Hub-та мониторинг қызметі құрылды

Astana Hub халықаралық технопаркінде резиденттер санының белсенді өсуіне байланысты жаңа құрылымдық бөлімше – Мониторинг қызметі құрылды. Бүгінгі таңда технопаркте 1104 қатысушы тіркелген.


Astana Hub мониторинг қызметі компаниялардың келісім-шарт талаптарын және басым қызмет түрлерін ұстануын қадағалайды. Мониторинг қызметі биыл жүргізген тексерулердің қорытындысы бойынша заңбұзушылықтар анықталды. Кейбір қатысушылар басым түрлер тізіміне кірмейтін қызмет түрлерімен айналыса бастаған, атап айтқанда:

- СТ-KZ сертификаттары және/немесе өнеркәсіптік сертификаты жоқ принтерлерді, MFPтерді, компьютерлерді, ноутбуктерді және басқа да ұйымдастыру техникасы мен жабдықтарын сату;

- консалтингтік қызметтерді, оның ішінде ЭШФ порталында тіркелу бойынша делдалдық қызметтерді көрсету;

- компьютерге, перифериялық кеңсе техникасына, жабдыққа техникалық қызмет көрсету, оның ішінде жөндеу, картриджді толтыру және т.б.;

- ақылы семинарлар, вебинарлар, конференциялар, конкурстар өткізу және т.б.

Ескерту алған 11 қатысушының барлығы тексеру нәтижелерімен келісті. Олар Astana Hub қатысушыларының тізімінен шығарылды.

Еске саламыз, Astana Hub-қа тіркелуге ақысты сұрақтар бойынша 2222 немесе +7(7172)735089 телефондарына хабарласуға болады.

Пікірлер 1

Кіру пікір қалдыру үшін

Обратите внимание на банальный вопрос: водоснабжение. В блоке 4.3 для того, чтобы воспользоваться туалетом нужно идти не менее 300 метров в соседнее здание. Для современного IT парка так себе условия….

Жауап беру