Қазақстанда Decentrathon - аймақтағы ең ірі Web3 Hackathon өтеді

Astana Hub халықаралық технопаркі, әлемдегі жетекші блокчейн экожүйесі және криптовалюталық инфрақұрылымның провайдері Binance, блокчейннің ең ірі экожүйесі BNB Chain және Blockchain Center аймақтағы ең ірі Web3 Hackathon Decentrathon өтетінін туралы хабарлайды. Орталық Азияда алғаш рет өтетін мұндай хакатон 2023 жылдың 26-28 мамыры аралығында Қазақстанның 15 жерінде бір уақытта өтеді.


«Decentrathon» Қазақстанның тоғыз аймағында - Астана, Алматы, Ақтау, Ақтөбе, Атырау, Қарағанды, Павлодар, Семей, Шымкент қалаларында 15 локацияда - Жұбанов университеті, Атырау университеті, Yessenov University, ҚарМУ, ҚарМТУ, Торайғыров университеті, Alikhan Bokeikhan University, Auezov University, ҚБТУ, МУИТ, SDU, Satbayev University, Astana IT University және KAZGUU бір уақытта өтеді.

Қатысушылар 72 сағат бойы нон-стоп тәртібінде Web3 саласындағы кейстерді қарастырады. Decentrathon жүлде қоры $10 000 - бірінші орынға $5000, екінші орынға $3500 және үшінші орынға $1500 беріледі. Жеңімпаздар инновациялық шешімдері мен идеялары негізінде таңдалады.

«Блокчейн-инжиниринг саласындағы адами капиталды дамыту бүкіл сала үшін жаһандық мәселе. Қазірдің өзінде дәстүрлі салаларда блокчейн технологиясын енгізу және пайдалану оларды айтарлықтай өзгерте алады. Қазақстанда мұндай ауқымды іс-шараны ұйымдастыру арқылы біздің еліміздің блокчейн саласындағы мамандарды даярлаудағы зор әлеуетін дәлелдей түседі», - деді Binance Kazakhstan басшысы Жаслан Мәдиев.

«Decentrathon - бұл блокчейнді дамыту барысына жаңа таланттарды тартудағы маңызды қадам және BNB Chain қауымдастығы осы жаңашыл іс-шараға белсене ат салысып жатқанын мақтан тұтады. Біз әртүрлі салаларда блокчейн технологияларын енгізу және пайдалану оларды айтарлықтай өзгерте алады деп ойлаймыз және Web3 дарынды энтузиастарына өз әлеуетін көрсету үшін Decentrathon осындай платформа ұсынады. Біз блокчейн және Web3 технологиясы әлеміндегі 72 сағаттық үздіксіз саяхаттан инновациялық шешімдер мен идеялар күтеміз», - деді Зои Вэй, BNB Chain маркетинг және әзірлеушілермен байланыс бөлімінің басшысы.

Decentrathon - Қазақстанда неғұрлым озық технологиялық ландшафт пен тұрақты блокчейн экожүйесін құру жолындағы тағы бір қадам. Бұл іс-шара университеттер үшін блокчейн индустриясының дамуына үлес қосуға, ал еліміздің түкпір-түкпірінен келген дарынды Web3 энтузиастарына өз әлеуетін кең аудиторияға көрсетуге тамаша мүмкіндік болмақ.

«Блокчейн технологиясы технологиялық экожүйені дамытудың негізгі векторлардың бірі және біз осындай ауқымдағы алғашқы шарада негізгі рөл атқарғанымызға қуаныштымыз», - деді Astana Hub бас директоры Мағжан Мәдиев.

Хакатонға блокчейн және Web3 технологияларына қызығушылық танытатын барлық әзірлеушілер мен инноваторлар қатыса алады. Егер іс-шараға қатысамын десеңіз, дәл қазір тіркеуден өте аласыз немесе team@centerofblockchain.com жазуға болады. Decentrathon туралы толығырақ decentrathon.io сайтында.

 

Пікірлер 0

Кіру пікір қалдыру үшін