Astana Hub қатысушысы – Hero’s Journey стартабы Нью-Йоркте инновациялық фитнес-студиялар ашпақшы
Қараша айының ортасында Astana Hub резиденті – Hero’s Journey стартабы $6 млн инвестиция тартқаны және оның құны $30 млн бағаланғаны белгілі болды. Бұл қазақстандық стартап геймификация элементтері бар фитнес-студияларды дамытумен айналысады. Жоба Алматы мен Астанада табысты жұмыс істеп тұр, жақын арада Нью-Йоркте де қолжетімді болады. Инвесторлардың қаражаты та осы мақсатты жүзегу асыру үшін жұмсалмақ.