AlchemistX & Silicon Valley Residency нәтижелері: Стартаптар $1,4 млн инвестиция тартты
AlchemistX және Silicon Valley Residency Program бағдарламаларының нәтижелері бойынша Орталық Еуразиядан 22 стартап Кремний алқабында айтарлықтай нәтижелер көрсетті. Бағдарлама қатысушыларының 2025 жылға болжанған табысы $17 млн-ға жетіп, олардың халықаралық аренада әрі қарай өсу мүмкіндіктерінің зор әлеуетін айқындады.
AlchemistX және Silicon Valley Residency бағдарламалары қатысушыларға алғашқы келісімшарттарды жасауға, инвестиция тартуға, АҚШ-та тұруды ұйымдастыруға, жетекші сарапшылардан коучинг пен менторлық көмек алуға, сондай-ақ Silkroad Innovation Hub қауымдастығына қол жеткізуге мүмкіндік берді.
«AlchemistX & Silicon Valley Residency бағдарламасы Орталық Еуразия стартаптарының жаһандық жетістікке жету жолында тек әлеуетке ғана емес, нақты нәтижелерге ие екенін көрсетті. Мысалы, Astana Hub резиденті – Parqour қазақстандық стартабы ақылды автотұрақ технологиясын жасап, операциялық шығындарды азайтуға және қол еңбегінің үлесін төмендетуге көмектеседі. Стартап ұзақмерзімді келешегі бар келісімшарттарға қол қойды. Бүгінде стартап 25 елде табысты жұмыс істеп жатыр. Бірқатар басқа стартаптар да елеулі инвестициялар тарта алды. Жасалған келісімдер мен тартылған инвестициялар – бұл инновациялар мен халықаралық серіктестіктер үшін жаңа мүмкіндіктер ашатын жолдың басы ғана», – деп атап өтті министр Жаслан Мәдиев.
Айта кетейік, Parqour бағдарламадан бұрын АҚШ-тың бірнеше қалаларында – Чикаго, Хьюстон және Лос-Анджелесте жұмыс істеген болатын. Стартап бас директорының айтуынша, бағдарламаға қатысу осы қалалардағы дамуға серпін беріп, АҚШ-та жеке бизнес-даму және операциялық басқару командасын құруға мүмкіндік берді.
«AlchemistX & Silicon Valley Residency-ге қатысу бізге Кремний алқабындағы сатылымдарға назар аударуға мүмкіндік берді. Нәтижесінде Сан-Францискода екі ірі клиентпен – Nexus Parking (35 тұрақ) және United SF Parking (50 тұрақ) операторларымен келісімшарттарға қол қойдық. Бұл операторлармен 10-12 жылға ұзақмерзімді келісімшарттар жасалып, Parqour технологияларын пайдалана отырып тұрақтарын кезең-кезеңімен автоматтандыру жүріп жатыр», – деді Әмірхан Омаров, Parqour негізін қалаушы және бас директоры.
Сегіз стартап, атап айтқанда JobEscape, LoadConnect, Parqour, PointAI, Flowsell.me, Call2action, Oli мен MyStory, жалпы сомасы $379 мың болатын коммерциялық келісімдерге қол қойды. Most Finance, JobEscape және Speechsense.ai стартаптары $1,4 млн инвестиция тартты.
Бұл бірегей бес айлық бастама Орталық Еуразия стартаптарына АҚШ нарығына шығуға және тұрақты өсуге негіз қалау мүмкіндігін берді. AlchemistX және Silicon Valley Residency Program бағдарламаларын Astana Hub пен Silkroad Innovation Hub ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің, Дүниежүзілік банктің және FPIP жобасының қолдауымен жүзеге асырды.
Бағдарлама екі негізгі бағытты қамтыды. Инкубация кезеңі стартаптарды нарыққа шығаруға негіз болып, АҚШ үшін кәсіпкерлік дағдылар мен бизнес аспектілерге баса назар аударатын 4 апталық онлайн-предакселерация бағдарламасын қамтыды. Шақырылған 81 стартаптың ішінде 41 қатысып, 34 стартап сертификат алды. Содан кейін стартаптар резиденттік кезеңнен өтіп, тәжірибелік білім мен жетекші технологиялық экожүйеге қол жеткізді.
AlchemistX бағдарламасының қатысушылары: Relog.ai, JobEscape, LoadConnect, Parqour, Cybernet.ai, Speechsense.ai, Biometric.vision, Axellero, PointAI, Flowsell.me.
Silicon Valley Residency Program бағдарламасының қатысушылары: Enviro, AVTO-TIME (қазіргі ExploreTest), Doro AI, Call2action, SmartGas, Intellecsys, CarePay, Oli (Big Data Operating LLP), Steppe Films, Most Finance (AlchemistX бағдарламасына ауыстырылды), MyStory және EZFactor.
AlchemistX және Silicon Valley Residency Program Орталық Еуразия стартаптары үшін жаһандық деңгейге шығып, АҚШ нарығын игеруге бағытталған теориялық дайындық, практикалық тәжірибе және сала мамандарына қолжетімділіктің бірегей үйлесімін ұсынған маңызды қадам болды.
Пікірлер 26
Кіру пікір қалдыру үшін
Elias Zholaman · Қаң. 27, 2025 14:53
👍
Rassul Sharimov · Қаң. 22, 2025 00:47
Awesome!
Мерей Қалжанова · Қаң. 6, 2025 15:56
куштиии
Yerassyl Yelemes · Қаң. 5, 2025 19:35
Good
Ansar Turebek · Қаң. 4, 2025 20:13
круто
Abzal Kudaibergen · Қаң. 4, 2025 18:44
Отличная возможность
nazgul nagashibaevna · Қаң. 4, 2025 17:47
Cool
Samox 2025 · Қаң. 3, 2025 23:05
свои мозги ( идеи) продаете днэешево. под идею надо создавать франшизу и её продавать другим странам, а не быть дармовыми генераторами идей.
Balzhan I · Қаң. 3, 2025 13:02
гууууд
Balzhan I · Қаң. 3, 2025 13:02
крутооо!
Расул Батырбаев · Қаң. 2, 2025 14:35
cool
Erasyl Elemes · Жел. 31, 2024 15:30
good
Erasyl Elemes · Жел. 31, 2024 15:30
good
Yerassyl Yelemes · Жел. 31, 2024 14:37
He
Yerassyl Yelemes · Жел. 31, 2024 14:37
He
Лаура Асанова · Жел. 31, 2024 10:50
👍🏻
Лаура Асанова · Жел. 30, 2024 22:55
👏🏻
Tanat Uskembayev · Жел. 30, 2024 14:15
cool
Nurgeldi Shaltay · Жел. 29, 2024 22:27
керемет
Мовлотхан Сакаева · Жел. 29, 2024 16:04
молодцы
Данияр А · Жел. 29, 2024 12:41
👍
Almas Urazbekov · Жел. 28, 2024 18:30
Тамаша 👏🔥
Maria Aouani · Жел. 28, 2024 15:52
👏👏🎉
Laura Meir · Жел. 28, 2024 14:44
👍
Данил Мирошнечнко · Жел. 28, 2024 00:31
👍
Nurdaulet Sagymbai · Жел. 27, 2024 23:05
круто