Қасым-Жомарт Тоқаев: "Жасанды интеллект технологияларын дамыту қажет"
Ana tili газетіне берген сұхбатында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздегі цифрлық технологиялар мен жасанды интеллекттің даму перспективаларына тоқталды.
Цифрландыру мен IT қызметтері
Президент еліміздің жаһандық цифрлы көшпенділер үшін қолайлы мемлекетке айналып келетінін атап өтті: «Қазақстаннан экспортталатын ІТ-қызметтер саны артып келе жатқаны көңіл қуантады. Astana Hub табысты жұмыс істеп тұр. Бұл технопарк бір жарым мыңнан астам компанияның басын біріктіреді. Оның үштен біріне жуығы – шетелдік компания. Осылайша, еліміз жаһандық цифрлы көшпенділер үшін қолайлы мемлекетке айналып келеді».
Жасанды интеллект: жобалар мен мүмкіндіктер
Еліміздің басым бағыттарының бірі – жасанды интеллект (ЖИ) технологияларын дамыту. Қасым-Жомарт Тоқаев KazLLM цифрлы тіл моделінің алғашқы нұсқасын бұл бағыттағы маңызды қадам екенін атап өтті. «Қазақстан Еуразия кеңістігіндегі ең ірі цифрлы хабтың бірі бола алады. Оған мүмкіндігіміз толық жетеді. Ол үшін жасанды интеллект технологияларын дамыту керек. Болашағы зор жобалар қазірдің өзінде бар. Мысалы қазақ тілінің KazLLM атты цифрлы тіл моделінің алғашқы нұсқасы жасалды. Бұл – қазақ тілінде ойлап, сараптама жасап, қазақша сөйлесе алатын жасанды интеллект. Осы бағыттағы жұмыстар жалғаса береді. Жыл соңына дейін жасанды интеллектінің Alem.AІ атты халықаралық орталығы ашылады. Бұл орталық инвестиция тартатын, әлемдік тәжірибені және инновацияларды енгізетін орынға айналуы керек».
AI болашағы: қоғам өміріне әсері
Қасым-Жомарт Тоқаев жасанды интеллект алдағы жылдары өте қарқынды дамып, жұрттың өмір туралы ұғымын, тіпті тұрмыс-тіршілігін де түбегейлі өзгертетініне тоқталды. «Милы машиналар, яғни интеллектісі жағынан адамды он орайтын роботтар пайда болатын күн алыс емес. Оның үстіне бұл роботтар эмпатияға, яғни сезіну және эмоция білдіру сияқты адамға тән қасиеттерге ие болады.
Жастарға мектептерде, колледждер мен жоғары оқу орындарында жасанды интеллект технологияларын қолдана білуді үйрету маңызды. Былтыр еліміздің 15 университетінде Google компаниясының жасанды интеллект жөніндегі курстары енгізілді. Осы саланың мамандарын даярлау үшін арнайы бағдарлама әзірлеу мәселесі пысықталып жатыр (AI-Sana)».
Нейро желілер тәуекелдері мен заңмен реттеу қажеттілігі
«Нейрожүйелердің пайдасы ұшан-теңіз болғанымен, одан туындайтын қатерлер де бар. Мысалы, алаяқтар фото-бейнежазбалар жасап, адамның дауысын келтіру үшін де соны пайдаланады». Президент бұл технологияларды заңмен реттеу қажет екеніне баса назар аударды: «Біздің депутаттарымыз да жасанды интеллект туралы заң әзірлеу керек деп бастама көтерді. Осы маңызды жұмыспен тиянақты түрде, мұқият айналысу қажет. Жасанды интеллектіні жауапкершілікпен қолдану қағидаларын жасап, оның этикалық мәселелерін жан-жақты ойластыру керек. Бірақ осы саланы реттегенде жасанды интеллектіні шектеуге емес, керісінше, оны дамыту жағына мән берілуге тиіс. Бұл технологияларды кеңінен қолданысқа енгізу орасан зор мүмкіндіктерге жол ашады. Оны қалт жібермей, игілікке жарату қажет».
Сұхбаттың толық нұсқасын оқу үшін сілтемеге өтіңіз.
Пікірлер 19
Кіру пікір қалдыру үшін
Расул Шаримов · Қаң. 8, 2025 23:16
Great
Никита Панин · Қаң. 8, 2025 22:06
Пусть наша страна и дальще развивается в этом направлении
Мереке Курмашев · Қаң. 8, 2025 17:37
круто
Дмитрий Викторов · Қаң. 8, 2025 11:32
Если всё пойдёт как задумано, то будем не только нефть экспортировать ) Круто!
Айдар Шуженов · Қаң. 8, 2025 09:27
Респект
Kyzylorda Hub · Қаң. 8, 2025 01:16
Верно сказано
Наз Нуртас · Қаң. 7, 2025 14:23
тамаша
Francisco Jesus Navarro Cortes · Қаң. 7, 2025 09:47
My partner Sshift Dao and Spielcrypto are on it. Sshiftgpt is now in testing phase, it is an innovative web3 application on Aptos blockchain that harnesses the power of artificial intelligence to provide users with a suite of advanced tools and functionalities. Here’s what Sshiftgpt can do for now: Crypto Market Insights: Users can access real-time data and analytics about various cryptocurrencies, helping them make informed investment decisions. Image Generation: The app allows users to create stunning images based on specific prompts, making it a great tool for artists, marketers, and content creators. Sound Effect Creation: Users can generate unique sound effects tailored to their needs, perfect for projects in gaming, media, or personal use. NFT Search and Exploration: Sshiftgpt enables users to search for and explore various NFTs, providing insights into trends and market activity. Stock Information: The app can fetch financial data about stocks, helping users stay updated on market movements and investment opportunities. Web and Wiki Searches: Users can conduct searches to gather information from the web and Wikipedia, making it a versatile tool for research and learning. By integrating these functionalities and others in the future, Sshiftgpt aims to revolutionize the way users interact with technology and the crypto space, providing a comprehensive platform for creativity, investment, and information. https://sshiftgpt.com
Мерей Қалжанова · Қаң. 6, 2025 15:52
жаксы керемет
Кайсар Абдыкасым · Қаң. 6, 2025 14:28
Пройдите курс Основы ИИ, будет полезно узнать про этическое использование ИИ)
Arman Zhalgasbayev · Қаң. 6, 2025 14:20
Support 👍
Назерке Нұралым · Қаң. 6, 2025 11:29
керемет
СҰҢҒАТ МАРКСҰЛЫ · Қаң. 6, 2025 10:47
тамаша
Серик Сундетов · Қаң. 5, 2025 23:10
классно
Ansar Turebek · Қаң. 5, 2025 23:01
О
Yerassyl Yelemes · Қаң. 5, 2025 19:22
.
Дарын Малгельдинов · Қаң. 5, 2025 17:18
класно
Мереке Курмашев · Қаң. 5, 2025 15:51
Круто
Abzal Kudaibergen · Қаң. 5, 2025 15:02
ИИ рулит