Научно-исследовательский институты (1)

РГП на ПХВ "Институт литературы и искусства имени М.О. Ауэзова" Комитета науки Министерства науки и высшего образования Республики Казахстан

Научно-исследовательский институт

М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты 1934 жылы құрылып, 1961 жылы қазіргі атауына ие болды. Іргесі қаланған уақыттан бастап М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты отандық әдебиеттану, фольклортану және өнертану ғылымдарының басты зерттеу институты болып танылды. Бүгінгі таңда Институт ғалымдары рухани мәдениеттің даму тарихы, бүгінгі көркемдік процестер, дәстүр және заманауи үрдістердің өзекті мәселелерін зерттеуге арналған гранттық жобаларды, нысаналы бағдарламалар мен іргелі ғылыми зерттеулерді іске асыруда. Институт қызметінің мақсаты мен міндеттері: ▪ Әдебиеттану, фольклортану және өнертану салаларында іргелі және қолданбалы зерттеулер жүргізу; ▪ Әлемдік және отандық әдебиет пен өнердің өзекті мәселелерін іргелі және қолданбалы мақсатта зерттеу үшін әзірлемелер дайындау; ▪ Ғылыми-зерттеу жұмыстарын ақпараттық-талдамалық тұрғыдан қамтамасыз ету; ▪ Республикалық және халықаралық ғылыми қауымдастықтармен тығыз қарым-қатынас орнату; ▪ басқа да қоғамдық ұйымдармен ғылыми ынтымақтастықта жұмыс жүргізу; ▪ кәсіпорын қызметінің бейіні бойынша тағылымдамаларды және біліктілікті арттыру; ▪ магистратура және докторантура (философия докторы - РhD) арқылы ғылыми кадрлар даярлауды жүзеге асыру. Институттың стратегиялық бағдары: Рухани мәдениеттің даму үрдістерін зерттеу арқылы қоғамдық ойдың беталысын бағамдау. Ұлттық құндылықтарды сақтап, көбейтудегі әдебиет пен өнердің мәдени-эстетикалық әлеуетін ғылыми пайымдау. Жаңа қазақстандық қоғамды қалыптастыруға қажетті жаңа гуманитарлық білімді тұжырымдау. Қазақстан Республикасының алдында тұрған айрықша міндеттерді ескере отырып, әдебиеттануда, фольклортануда және өнертануда ғылыми зерттеулер жүргізу; ғылыми кадрларды даярлау.