Жақында «Astana Smart City» жаңа акселерациялық бағдарламасы басталады!
14 маусымға дейін алдын ала тіркелуге болады!
Қатысушыларда іріктеуден алғашқылардың бірі болып өтіп, 20 маусымда ұйымдастырылатын «Opening Day» іс-шарасында өз жобаларын таныстыра алатын бірегей мүмкіндік бар.
Opening Day – бағдарламаның негізгі бөлігі.
Мұнда стартаптар Астана қаласы әкімдігі өкілдерімен, сарапшылармен және әлеуетті серіктестермен тез әрі тиімді байланыс орната алады.
Сізді не күтіп тұр:
Танысу: әкімдіктің түрлі бөлімшелері өкілдерімен нетворкинг сессиясы;
Ақпарат: акселерация бағдарламасы туралы толық ақпарат аласыз;
Жедел іріктеу: бағдарламаның алдын ала іріктеу кезеңінен өту мүмкіндігі.
Әлеуетті серіктестермен кездесіп, қаламыздың дамуы үшін инновациялық идеяларыңызды ұсыну мүмкіндігін жіберіп алмаңыз!
Қосымша ақпарат пен өтінім беру сілтеме арқылы қолжетімді. https://astanahub.com/ru/l/AstanaSmartCity
Тіркеу: https://forms.amocrm.ru/rtwlvzl