Бұл жазба автоматты түрде аударылған. Бастапқы тіл: Қазақ
Сахнаға Орталық Азияның 11 стартапы шығып, өз жобаларын таныстырды. Олардың қатарында, Mirai Tech, Paidax, Gro.now, Tryverse, Daryn.online, Rosta, Steppe.ai, AVM.AI, Epsilon3.ai, Yume және Macdent бар. Әрбір команда акселерация барысында жеткен нақты нәтижелерін көрсетіп, алдағы уақытта халықаралық нарықтарға шығу жоспарын бөлісті.
Шара аясында бұрынғы қатысушылардың қатысуымен өткен панельдік сессия да үлкен қызығушылық тудырды. CTOgram, Biometric Vision, Arlan Biotech, Biny, Epsilon3.ai және Steppe.ai сынды табысты стартаптардың өкілдері бизнесті кеңейту жолындағы тәжірибесімен және маңызды инсайттарымен бөлісті.
Silkway Accelerator бағдарламасы үш жыл ішінде Орталық Еуразиядағы жетекші акселераторлардың біріне айналды. Осы уақыт ішінде бағдарламаға 1300-ге жуық өтінім қабылданып, 62 стартап іріктеуден өтіп, толық акселерациядан сәтті өтті. Бағдарлама түлектері жалпы 28 миллион доллардан астам инвестиция тартып, олардың жиынтық нарықтық бағалауы 500 миллион доллардан асты. Жобалар географиясы Орталық Азия елдерінен бөлек, Грузия, Моңғолия және Әзербайжан нарықтарын да қамтыды.
Танымал түлектердің қатарында Citix, Zypl.ai, Arlan Biotech, NB Fit, UvU, ApartX, Biometric, ZebraEye және Alaqan сынды стартаптар бар.
«Silkway Accelerator – стартаптарға жаһандық менторлар мен инвесторлар желісіне жол ашады. Бағдарлама стартаптардың өнімін дамытуға, гипотезаларды тексеруге және жобаны масштабтауға бағытталған. Алтыншы легтің қатысушыларына Astana Hub Ventures тарапынан инвестиция алу мүмкіндігі де қарастырылған», – деді Astana Hub бизнес-бағдарламалар кеңсесінің директоры Ербол Ахметов.
Айта кетерлігі, Қазақстан – Орталық Азияда Google for Startups серіктестігімен акселераторлық бағдарламаны жүзеге асырып отырған ал5ашқы әрі жалғыз ел.