Scalerator аясында дамыту үшін 40 қазақстандық стартап таңдалды

2022 жылғы 19 қыркүйекте Astana Hab ІТ-стартаптар технопаркінде ІТ-өнімдер экспортына қолдау көрсету бойынша Scalerator акселерациялық бағдарламасының ашылуы өтті. Бұл бағдарлама стартаптарға жаңа нарықтарға шығып, әлем бойынша түрлі компаниялармен шарт жасасуға жол ашады.


Scalerator бағдарламасына 40 стартап-жоба іріктелді. 10 аптаға жалғасатын акселерациялық бағдарлама барысында сарапшылар мен трекерлер қатысушыларға экспорт құзіреттілігін арттырып, қажетті нарықты таңдап, тұрақты сатылымды жүзеге асыруға көмектеседі. 

“Бағдарлама мақсаты - біздің резиденттер үшін халықаралық экспансияны дамыту. Алғашқы рет Scalerator-ды былтыр сынақ түрінде үш бағытта - Солтүстік Америка, Еуропа, ТМД елдері мен оңтүстік-шығыс Азияда бастаған болатынбыз. Жалпы алғанда нәтижесі де жаман емес, $1 млн асады. Бұл - бағдарламаны жалғастыруға себеп болар көрсеткіш және жыл сайын өтсе екен”, - деді  Astana Hub бас директоры Мағжан Мәдиев.  Сондай-ақ ол Astana hab командасын ұйымдастыру жұмыстары үшін және серіктестерге қолдау көрсеткені үшін алғыс айтты. Ал қатысушыларды батыл және жасампаз болып, биік белестерді бағындыруға шақырды. 

Онлайн-бейнеконференция форматында өткен іс-шара барысында бизнес-бағдарлама кеңсесі директорының м.а. Әйгерім Жарқын Astana Hub таныстырылымын өткізіп, қатысушыларды қолдау кеңсесінің директоры Мұрат Уәлиев Astana Hub салық тәртібінің мүшесі болу жолын түсіндірді. 

Scalerator бағдарламасы бірқатар артықшылық ұсынады: sales-митингілер - IT-саласында сату, маркетинг және бизнесті дамыту саласындағы салалық мамандардың қатысуымен әлеуетті сатып алушылармен кездесулер; трэкшн-митингілер - тренердің бағдарламаға қатысушылармен жеке жұмыс процесі; стратегиялық сессиялар - қатысушыны масштабтау стратегиясын бірлесіп әзірлеуге, жеке іс-шаралар жоспарын құруға, мақсатты нарықты таңдауға және басқа мәселелерге бағытталған қатысушылармен жеке кездесу және воркшоптар - IT-экспорт саласында қатысушылардың құзыреттілігін арттыруға бағытталған оқыту практикалық сабақтары. Сонымен қатар  жобалардың ең қызықты кейстеріне әлеуметтік желілер мен Astana Hub платформасында PR-қолдау көрсетіледі.

Пікірлер 0

Кіру пікір қалдыру үшін