80 tech-стартап Hero Training бағдарламасы бойынша алдын ала акселерацияны бастады

Екі апталық онлайн алдын ала акселерация бағдарламасының нәтижесінде үздік 20 технологиялық стартап Кремний алқабында Coliving және Coworking кеңістігімен қамтамасыз етілген алты айлық оқу эксклюзивті мүмкіндігіне қол жеткізеді.


Astana Hub технопаркі стартаптарды жаһандық нарыққа жылдам шығару үшін Draper университеті әзірлеген Hero Training эксклюзивті акселератор бағдарламасының бірінші кезеңін My Ventures серіктестігімен іске қосты.

Hero Training бағдарламасына қатысуға Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдерден, сондай-ақ Тәжікстан мен Моңғолиядан 199 өтінім түсіп, оның ішінде бірінші кезеңге 80 жоба іріктеліп алынды.

«Бағдарламаның бірінші кезеңіне қатысушылар Draper University арнайы түлектер қорынан $100  мыңға дейін қаражат жинау мүмкіндігіне ие болады. Сондай-ақ бағдарламаның серіктесі – My Ventures – кем дегенде $30 мыңға 5 жобаға инвестиция салып, олар Кремний алқабындағы бағдарламаның келесі кезеңіне алынады», – деді Мағжан Мәдиев, Astana Hub бас директоры.

Екі апталық онлайн алдын ала акселерация бағдарламасында қатысушылар ақпараттық технологиялар саласындағы әлемдік көшбасшылардан құнды тәжірибе, білім мен білік алады. Fundamentals of Entrepreneurship бағдарламасы бизнес саласында бәсекеге қабілетті деңгейге жетуге қажетті дағдылар қалыптастыруға көмектеседі.

Спикерлер сатылымдар, маркетинг, жаһандық нарықта стартапты дамыту стратегиясы, қаржы тарту және тағы басқа мүмкіндіктер туралы айтып, тәжірибе бөліседі.

Бағдарлама қорытындысы бойынша бірқатар стартаптар Кремний алқабының венчурлық инвесторлары қатысатын онлайн Demo Day қатысуға мүмкіндік алады.

Сондай-ақ үздік 20 стартап Hero Training екінші кезеңіне жолдама алып, Кремний алқабындағы Draper University кампусы негізінде 5 апталық қарқынды бағдарламадан өтіп, баспана және коворкингпен қамтамасыз етіледі.

Еске салсақ, 2023 жылғы 10 наурызда Сан-Матео қаласында (Калифорния штаты) ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусиннің АҚШ-қа ресми сапары барысында Astana Hub пен Draper University келісімге қол қойған болатын.

Draper Ecosystem - бұл инновациялық экожүйені қолдау үшін озық фасилитаторлар мен тәлімгерлердің, салалық сарапшылардың, корпоративтік серіктестердің және инвесторлардың теңдесі жоқ желісін ұсыну арқылы таланттарды, сарапшыларды және инвесторларды біріктірудің бірегей тәсілі. Draper University негізін венчурлық капитал бизнесінде 38 жылдық тәжірибесі бар Тим Дрейпер қалады, оның басқаруында 12 қор бар, $7 млрд инвестиция салған, оның есебінде 37 unicorn компания бар.

*Hero Training эксклюзивті акселератор бағдарламасының бірінші кезеңіне қатысушылар тізімі:

iDos Games
CITIX
Metatesk
Floboom
NB FIT
FIBO CLOUD
Zypl.ai
Biometric LLC
Alaqan Technologies
beyne.ai
ozen
Azimut
BNK4ME ltd
Sqm-invest
GoDays
HUMOWELS
ТОО "Agroinsurance"
Nordal
Beksar
Mohirdev
Ai Technologies
BEEP
"E-knot" LLP
Smart Gas Global ltd
Connected Home Ltd.
Dr. Agro
Cerebra.ai Ltd
Thea
Park Technologies
MacDent
Smart Technologies
Med365
Networks Energy
Verigram
Python RPA
Work3 Teknoloji A.S. (Turkiye)
Hired Valley
"Outpere" LLC
SpaceLab
DataRocks LLP
ADU HOLDING
TREDO
CyborgBase
Call2action.kz
JIGI
TreInt
ABCHESS
Digital Business Services, LLP
Smartestprep LTD
CyberLabs
Conglomerate Group AG
10TECH
Alfredthelock
Yessen&Co
ZebraEye
Smart System Technologies
AIdentis
CodeTau
Yaya
IBusiness, LLC
DayPay Limited
Optochka
Corporate wellbeing
Sahih Systems Ltd.
Isker app
OOO TeleDoctor
MyDataCoin
LLP Homelabs
Whoock
Conly
4Med.kz
Deep Analytics
LLP "newq.me"
mybonus+
Big Dream Lab
Biz Up
mytenge.kz
AGSA
Caireer

Пікірлер 0

Кіру пікір қалдыру үшін