Өңірдегі басты технологиялық оқиғадан неге тыс қалуға болмайды?
Жасанды интеллект қазірдің өзінде нарықтарды, мамандықтарды және бизнес-үлгілерді өзгертіп жатыр. Бірақ басты бәсекелестік артықшылыққа өзгерістерді сырттай бақылап отырғандар емес, басқалардан бұрын технологияларды, серіктестерді және даму мүмкіндіктерін табатындар ие болады.
1-3 қазан аралығында Астана халықаралық технологиялық диалогтың орталығына айналады. EXPO халықаралық көрме орталығында өңірдегі ең ірі технологиялық форумдардың бірі - AI & Digital Bridge 2026 өтеді.
Бұл - таяу жылдардағы нарықты айқындайтын шешімдерді бірнеше күн ішінде көруге, жаһандық BigTech өкілдерімен танысуға, инвесторлар мен серіктестер табуға, өз өніміңізді таныстыруға және жасанды интеллектті бүгіннен бастап қалай қолдану керектігін түсінуге болатын алаң.
2026 жылғы маусымда Қазақстан Үкіметі, Firebird және NVIDIA жасанды интеллект және цифрлық инфрақұрылым саласында $10 млрд сомасына келісімдер пакетіне қол қойды. Бұл халықаралық нарық үшін маңызды белгі болды: Қазақстан жаһандық AI-картада көрнекті орын алуды көздейді.
AI & Digital Bridge 2026 форумын өткізу ұлттық күн тәртібі мән мәтінінде өте маңызды: 2026 жыл Қазақстанда ресми түрде Цифрландыру және жасанды интеллект жылы болып жарияланды. Бұл форумның жасанды интеллект технологияларын, цифрлық экономиканы және технологиялық кәсіпкерлікті талқылау мен практикалық дамытудың басты алаңдарының бірі ретіндегі стратегиялық маңызын айшықтайды.
AI & Digital Bridge 2026 әлемдік технологиялық қоғамдастықтың назары нақты серіктестіктерге, инвестицияларға және жаңа жобаларға айналатын кезекті нүкте болмақ.
Форум өткізілген жылдар ішінде 100-ден астам елден 127 мыңнан астам қатысушының, 1 500 спикердің, 600 стартаптың және 500 инвестордың басын қосты. 2026 жылы 20 мыңнан астам қатысушы және 100-ден астам технологиялық компания күтілуде.
Кәсіпкерлер, инвесторлар, әзірлеушілер мен басшылар үшін бұл шешімдер қабылданатын, жаңа байланыстар қалыптасатын және халықаралық деңгейдегі жобалар іске қосылатын ортаға кіруге мүмкіндік береді.
Технологиялар болашағын айқындайтын спикерлер
AI & Digital Bridge 2026 сахнасында болашақты жай ғана талқылап қоймай, оны іс жүзінде жүзеге асырып жатқан көшбасшылар сөз сөйлейді:
- NVIDIA вице-президенті Рев Лебаредян
- Higgsfield компаниясының тең құрылтайшысы Алекс Машрабов
- E-Space негізін қалаушы және бас директоры Грег Уайлер
- General Atlantic төрағасы және бас директоры Уильям Форд
- Network School негізін қалаушы Баладжи Шринивасан
- жаһандық технологиялық және инвестициялық индустрияның басқа да өкілдері
Форумға қатысушылар жасанды интеллекттің әлемдік нарығы қайда бағыт алып бара жатқанын, қай әзірлемелерге инвестиция тартылатынын, жаһандық технологиялық өнімдерді қалай жасау керектігін және таяу жылдары қай құзыреттерге сұраныс ерекше болатынын тікелей өз аузынан ести алады.
Бағдарламаның басты тақырыптары практикалық мәселелер:
Қазақстан Еуразияның AI-хабы ретінде - AI-инфрақұрылым, Smart City, цифрлық платформалар және өңірлік IT-хабтарды дамыту.
AI-дың жаңа әлемдік архитектурасы - АҚШ, Қытай, MENA, Еуропа және жаңа технологиялық орталықтар: ережелерді, стандарттарды және технологияларға қолжетімділікті кім айқындайды.
Нақты экономикадағы AI - қаржы, банктер, денсаулық сақтау және басқа да салалар: AI-агенттерден бастап жасанды интеллектті практикалық енгізуге дейін.
Стартаптан жаһандық AI-компанияға дейін - халықаралық акселераторлар, венчурлық капитал, алғашқы клиенттер, инвестициялар, халықаралық нарықтарға шығу және ауқымды кеңейту.
Болашақ кәсіптер мен креативті экономика - жаңа цифрлық кәсіптер, GameDev, кино, музыка және генеративті контентті дамыту.
Форумға қатысқан бір күн сізге айлар бойы іздеген ақпаратыңыздан да көп пайдалы байланыс пен тың идея сыйлайды.
Форумның технологиялық және стартап күн тәртібін дамытуда Astana Hub ерекше рөл атқарады. Бұл - IT-стартаптардың халықаралық технопаркі әрі еліміздегі технологиялық кәсіпкерлікті өрге сүйрейтін басты қозғаушы күштердің бірі. Astana Hub экожүйесі технологиялық компанияларды, стартаптарды, инвесторлар мен мамандарды біріктіреді, сондай-ақ қаржыландыру, инкубация, акселерация және халықаралық ынтымақтастық бағдарламаларын дамытады.
AI & Digital Bridge 2026 форумында Astana Hub стартап пен кәсіпкерлік бағдарламасының ең маңызды бөлігіне - Startup Alley, питч-сессиялар және Astana Hub Battle додасына жауап береді. Бұл технологиялық командаларға өз шешімдерін инвесторларға, серіктестерге және халықаралық аудиторияға таныстыруға мүмкіндік береді.
1 қазанда мемлекеттің бірінші тұлғаларының, халықаралық делегациялар мен технологиялық индустрия көшбасшыларының қатысуымен жоғары деңгейдегі арнайы бағдарлама өтеді. Бұл күннің іс-шараларына қатысу арнайы шақыру қағаздары арқылы қарастырылған.
2 және 3 қазанда - форумның барлық қатысушыларына арналған AI & Digital Bridge 2026 ашық бағдарламасы. Бұл күндері бір алаңда жаһандық технологиялық компаниялардың өкілдері, халықаралық спикерлер, стартаптар мен инвесторлар жиналады. Билет иелері үшін 2 және 3 қазандағы форумның барлық ашық бағдарламасы қолжетімді.
Бұл жылы форумды ұйымдастыру серіктестеріміз бен демеушілеріміздің қолдауы арқасында мүмкін болды. Форумды өткізуге жұмсалатын барлық шығындар демеушілік қаражат есебінен жабылады. Форумның алтын серіктестері - Freedom Банкі және Kaspi.kz. Digital Partner - BI Group. Official Airline Partner - Air Astana.
Ұйымдастырушылар: Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі, Astana Hub және Астана қаласының әкімдігі.