AI & Digital Bridge 2026 халықаралық технологиялық форумы аясында Astana Hub пен Draper University қазақстандық келешегі зор стартаптарға арнап ұйымдастырған Draper Founders Challenge питч-байқауының финалы өтеді.
Алдын ала іріктеу қорытындысы бойынша үздік шыққан 10 команда AI & Digital Bridge 2026 алаңында өздерінің технологиялық шешімдерін венчурлік және стартап-экожүйе сарапшыларының назарына ұсынуға мүмкіндік алады.
Қазылар алқасының құрамында Draper University-дің венчурлік экожүйе жөніндегі вице-президенті Крис Джоанну (Chris Joannou), Astana Hub басқарушы директоры Танат Өскембаев және Astana Hub Ventures бас директоры (CEO) Айдана Бергазденова болады.
Финал қорытындысы бойынша үш жеңімпаз команда анықталады. Әр команданың бір өкілі Калифорния штатының Сан-Матео қаласындағы Draper University кампусында тұру мүмкіндігіне ие болады. Бұл қатысушыларға Кремний алқабындағы ортамен және халықаралық стартап-қауымдастықпен етене араласуға жол ашады. Олар әлемдегі маңдайалды технологиялық экожүйелердің бірімен танысып, өз жобаларын одан әрі дамыту үшін халықаралық тәжірибе жинақтайды.
Бұдан бөлек, біз жеңімпаздарға Hero Training 2027 акселерациялық бағдарламасына қатысуға мүмкіндік береміз. Draper Founders Challenge байқауына төл өнімін немесе шешімін әзірлеп жатқан және жоба ауқымын одан әрі кеңейтуге дайын отандық технологиялық стартаптарды қатысуға шақырамыз.
Байқауда Physical AI, робототехника және ұшқышсыз ұшу аппараттарына қарсы жүйелер (C-UAS), Biotech & Life Sciences, кванттық есептеулер, ғарыш, қорғаныс, авиация және аэроғарыш технологиялары, FinTech, MedTech, HealthTech пен SportTech, өнеркәсіптік өндіріс және биоөндіріс, сондай-ақ басқа да бағыттарға басымдық беріледі.
Байқауға MVP және одан жоғары сатыдағы, яғни өнімі толық әзірленген, іске қосылған немесе пилоттық режимде сынақтан өтіп жатқан жобалар қатыса алады. Іріктеу шарттарының бірі — өнімге нарықта сұраныс бар екенін растау. Оған алғашқы пайдаланушылардың немесе клиенттердің болуы, пилоттық жобалар, түскен табыс, алдын ала тапсырыстар, ниет туралы хаттар (LOI), серіктестік келісімдері немесе өнімнің қажеттілігін дәлелдейтін басқа да айғақтар жатады.
Жоба негізін қалаушылар 18 жасқа толған болуы шарт. Сондай-ақ командалар өз жобасын ағылшын тілінде таныстыруға дайын болуы қажет. Финалдағы таныстырылым форматы бойынша питчке 3 минут, ал сұрақ-жауапқа 2 минут уақыт беріледі.
AI & Digital Bridge 2026 алаңында өтетін Draper Founders Challenge финалы форумның стартап және венчурлік күн тәртібінің маңызды бөлігіне айналмақ. Бұл шара отандық технологиялық кәсіпкерлерге өз жобаларын халықаралық сарапшылар назарына ұсынып, жаһандық стартап-экожүйеге шығуына қосымша мүмкіндік береді.
AI & Digital Bridge 2026 форумы Қазақстандағы Цифрландыру және жасанды интеллект жылы аясында 1–3 қазан күндері Астанада өтеді.
1 қазанда мемлекеттің жоғары лауазымды тұлғалары, халықаралық делегациялар және технологиялық индустрия көшбасшыларының қатысуымен жоғары деңгейдегі арнайы бағдарлама ұйымдастырылады. Бұл күнгі іс-шараларға тек арнайы шақырумен қатысуға болады.
2-3 қазан күндері AI & Digital Bridge 2026 форумының ашық бағдарламасы өтеді. Бұл алаңда жаһандық технологиялық компаниялардың өкілдері, халықаралық сарапшылар мен спикерлер, сондай-ақ стартаптар, кәсіпкерлер мен инвесторлар бас қосады. Билет сатып алған қатысушылар форумның осы екі күнгі ашық іс-шараларына еркін қатыса алады.
Draper Founders Challenge байқауына қатысу үшін мына сілтеме арқылы өтінім қалдыруға болады: https://form.astanahub.com/form/view/246690
Биыл форум серіктестер мен демеушілердің қолдауымен ұйымдастырылып отыр. Іс-шараны өткізуге байланысты барлық шығын демеушілер қаражаты есебінен өтеледі. Форумның алтын серіктестері — Freedom Bank және Kaspi.kz. Digital Partner — BI Group. Official Airline Partner — Air Astana.
AI & Digital Bridge 2026 форумын Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі, Astana Hub және Астана қаласының әкімдігі ұйымдастырады.