Opening Day барысында ұйымдастырушылар бағдарлама туралы толық ақпарат беріп, оның мақсаттары мен тұжырымдамасын таныстырды. Ал стартап-қауымдастық өкілдері өз жобаларын инвесторлар, бизнес жібеушілері және технологиялық экожүйе қатысушылары алдында қорғады.
«IT Park Uzbekistan-мен серіктестік былтыр ICT WEEK UZBEKISTAN аясында меморандумға қол қоюдан басталып, бүгінде қарқынды дамып келеді. Бұл ынтымақтастықтың арқасында аймақтың жас кәсіпкерлері Central Asian Innovation Hubs бірыңғай брендімен GITEX, London Tech Week және TechCrunch сияқты әлемдік деңгейдегі ірі шараларға қатысу мүмкіндігіне ие болды. Сонымен қатар жуырда Шанхай қаласында Khan Tengri Hub халықаралық хабы ашылып, қытай нарығына шығуға арналған арнайы бағдарлама іске қосылмақ. Мұндай бастамалар бұған дейін Кремний алқабындағы AlchemistX және Silicon Valley Residency бағдарламаларын табысты аяқтаған 20-дан астам стартаптың тәжірибесін жалғастырады. Атқарылып жатқан барлық қадамдар Орталық Азиядағы стартаптардың жаһандық бәсекеге қабілеттілігін арттыруға және экожүйені одан әрі дамытуға бағытталған», – деді Astana Hub басқарушы директоры Таңат Өскембаев.
Питч-сессия барысында іріктелген 9 өзбекстандық стартап Қазақстан нарығына шығу жоспарларымен бөлісіп, шешімдерін таныстырды:
- Paylov – P2P-аударымдары, скоринг және BNPL шешімдері бар төлем шлюзі енгізілген финтех-платформа.
- Tuzuk AI – заңгерлер мен бизнеске арналған құқықтық актілерді орыс және өзбек тілдерінде біріктіретін платформа.
- Stanbase – Орталық Азиядағы стартаптар, инвесторлар және мәмілелер туралы ақпарат жинайтын бірыңғай сервис.
- ZoomSelling – маркетплейстерге арналған аналитика және нарықты талдау, ниша таңдау, сату мен жарнаманы басқару сияқты сату құралдарын ұсынатын сервис.
- AKS Labs – қарыз алушыларды бағалау үшін бейне-сұхбаттарды талдап, цифрлық агенттер көмегімен мультимодальды AI-скоринг ұсынатын шешім.
- REZVO – мейрамхана, кафе мен қонақүйлерге арналған мобильді қосымшасы, Telegram-боттары және онлайн-төлем жүйесі бар цифрлық платформа.
- Deepen – фитнес-студиялардың жұмысын жеңілдетіп, әкімшілік процестерді толық автоматтандыратын басқару платформасы.
- OYGU – сапа кепілдігі, нақты фото және ұқыпты жеткізілім ұсынатын гүлдер мен сыйлықтар маркетплейсі.
- Gorent – Орталық Азияда кеңсе, коворкинг, автокөлік және басқа да нысандарды жалға алуға арналған маркетплейс.
Market Entry бағдарламасы 8 аптаға созылады. Осы уақыт ішінде стартаптар менторлық және сарапшылық қолдау алып, өнімдерін жергілікті нарыққа бейімдейді, әлеуетті клиенттермен және серіктестермен кездеседі, сондай-ақ пилоттық жобалар әзірлейді. Бағдарламаның маңызды бөлігі – Astana Hub-та компанияларды тіркеуге, салықтық жеңілдіктер мен мемлекеттік субсидияларға қол жеткізуге қолдау көрсету.
Бағдарлама қорытындысы ретінде 2025 жылғы 5 желтоқсанда Astana Hub-та Demo Day іс-шарасы өтеді. Бұл күні қатысушы стартаптар акселерация нәтижелерімен бөлісіп, Қазақстан нарығына шығу жолындағы алғашқы қадамдарын таныстырады.
Еске салайық, Digital Bridge 2025 халықаралық форумы 2–4 қазан аралығында Астанада өтуде. Бұл – Орталық Еуразиядағы технология және жасанды интеллект саласындағы ең ауқымды іс-шара, ол әлемдік индустрия көшбасшыларының, инвесторлардың, сарапшылардың және стартаптардың басын қосты.
Биылғы форум серіктестер мен демеушілердің қолдауының арқасында ұйымдастырылды. Барлық шығын демеушілік қаражат есебінен жабылды.
Форумның бас серіктесі – Freedom Bank Kazakhstan – цифрлық қаржылық өнімдер мен қызметтерді ұсынатын инновациялық банк.
Алтын серіктестер – Kaspi.kz, Yandex Qazaqstan және «Қазақтелеком» АҚ.
Күміс серіктес – «Транстелеком» АҚ.
Қола серіктестер – BI Group, «Бәйтерек» ҰБХ АҚ, Еуразиялық банк, Ozon, «Теңізшевройл» ЖШС.
Инновациялық серіктес – inDrive.
Ақпараттық серіктестер – CITIX, Musan Group, EcoGenMedia, MYD, Visit Astana.