Алина Хаматдинова мен Андрей Крюков Astana Hub Battle туралы өз пікірлерімен бөлісті
Astana Hub Battle технологиялық стартаптарының шайқасы Digital Bridge 2021 халықаралық форумының алаңында дәстүрлі түрде өтті. Биылғы жылы қазылар алқасының мүшелері арасында Astana Hub трекерлері Алина Хаматдинова мен Андрей Крюков болды. Біз сарапшылардан осы жылғы байқау туралы алған әсерлері жайлы сұрадық.
- Бағалау қиын болды ма? Қазылар алқасы бір-бірімен шешім қабылдауда дауласты ма, әлде шешімдерді бірауыздан қабылдадыңыз ба?
Алина Хаматдинова: Бағалау әркезде қиын, өйткені стартапшы жігіттер мен қыздар өте белсенді. Әрбіреуін қолдауғын келеді, әрбіреуі үшін уайымдайсың. Таң қалдырарлығы, қазылар алқасының шешімі бірауыздан қабылданды.
- Байқауда немесе инвесторлар алдында бақ сынап отырған стартаптарға қандай кеңестер бере аласыз?
Алина Хаматдинова: Біріншіден, сіз не сатқаныңызды нақты түсінуіңіз керек. Көптеген қатысушылар "мен жараймын, мен жақсымын" тезисін беріп отырды. Бұнысы дұрыс емес. Сондай-ақ, жігіттер мен қыздарға батыл, жарқын, креативті болуға кеңес беремін. Сонымен қатар, жобаның мәнісін жеткізе білген жөн. Бұл маңызды. Мені өзіңіздің клиентіңіз етіңіз, яғни жобаңызды маған сатыңыз, содан кейін ғана мен оған дауыс беремін.
Андрей Крюков: Мен жобаның презентациясында мүмкіндігінше көп сандар болуы керек екенін қосқым келеді. Олардың жоқтығынан біз барлық жобаларды лайықты бағалай алмадық. Мүмкін, кейбір жобалар өте жақсы болған шығар, бірақ біз олар туралы маңызды ақпараттың болмауына байланысты оны түсінбедік. Байқауға барған кезде сіз қатысуыңыздың мақсатын нақты түсінуіңіз керек. Сахнаға шығу-бір мақсат, жеңу - басқа мақсат. Қазылар алқасы нені бағалайтынын, қандай ақпаратты және оларды қалай ұсыну керектігін нақты түсіну керек.
- Сіз жартылай финалдың нәтижелерін жариялау кезінде осы жылы стартаперлер арасында қыздар көп болғанын атап өттіңіз. Ал Astana Hub Battle 2021 бұрын өткен форумдарынан тағы да несімен ерекшеленеді ?
Андрей Крюков: Иә. Бұл жағымды сәт. Жас қыздар өздерін көрсетіп, IT саласында белсенді дамуда. Бұл керемет! Сондай-ақ, акселерация және инкубация бағдарламаларымен жұмыс істеу тәжірибесінен байқағаным, стартаперлер кіретін қызмет салаларының ауқымы өткен жылдардағы жағдаймен салыстырғанда белсенді түрде кеңеюде. Бұл өте жақсы көрсеткіш.
- Сіздің ойыңызша, жақсы startup - бұл?
Алина Хаматдинова: Адамдардың қажеттіліктеріне бағытталған, даму әлеуеті жоғары, үйлесімді командасы бар, біртұтас дем алатын стартап. Барлығы бірге ойлайды және стартапты дамыту жолындағы кез-келген қиындықты жеңуге дайын тұрады
Андрей Крюков: Ең жақсы стартап - бұл жабылып, бизнеске айналатын стартап.
- Сұхбатыңызға рақмет.
Пікірлер 0
Кіру пікір қалдыру үшін