Astana Hub резиденті – Finflow стартапы америкалық венчурлық қордан $500 000 қаражат тартты

Finflow стартапы $500 000 көлеміндегі Pre-seed инвестициялық раундын сәтті аяқтағанын хабарлады. Лид-инвестор — Orbit Startups (АҚШ), $1,5 млрд астам активтерді басқарудағы жаһандық акселератор SOSV құрамындағы венчурлық қор. Америкалық қордың портфелінде Perfect Corp, Leapmotor, BitMEX, Clearbot сынды әлемге әйгілі компаниялар бар. Finflow раундын сондай-ақ Axiom Capital, Bask International Group және бірнеше қазақстандық бизнес-періштелер мен жергілікті және халықаралық инвесторлар қолдады.


Finflow шағын және орта бизнеске (ШОБ) арналған жасанды интеллект негізіндегі қаржы директоры қызметін әзірлейді. Бұл шешім әр кәсіпкерге жеке қаржылық көмекшіні ұсынады. Жақын уақытта команда CFO (қаржы директоры) функцияларын атқара алатын толыққанды AI-қаржылық агентін ұсынбақ. Агент қаржылық модель құрудан бастап, кэш-флоуды талдау және бизнесті банк қаржыландыруына дайындауға дейінгі негізгі міндеттерді орындай алады.

«Орталық Азияда миллиондаған кәсіпкер толыққанды қаржылық басқарусыз жұмыс істейді, кассалық алшақтықтарға тап болады және капиталға қол жеткізе алмайды. Қаржылық жоспарлау тек корпорациялар үшін ғана қолжетімді болмауы керек. Біз Finflow-ды қаржылық білімі жоқ кәсіпкердің өзі де негізделген шешім қабылдап, капитал тартып, бизнесін өсіре алуы үшін жасап жатырмыз», —  Даулет Айтмаханов, Finflow компаниясының бас директоры және негізін тең қалаушы.

Осы жылдың бірінші тоқсанында стартап қазақстандық бірнеше банкпен пилоттық келісімдерге қол қойды. Бұл банктердің жалпы ШОБ клиенттік базасы 200 000-нан асады. Қазір команда Банк ЦентрКредит-пен бірге өңір кәсіпкерлері үшін цифрлық несиелеудің жаңа стандартын қалыптастыратын технологиялық шешім әзірлеуде.

Толығырақ ақпарат DKnews.kz-те.

Пікірлер 0

Кіру пікір қалдыру үшін