Astana Hub пен EIF: Қазақстан мен Армения технологиялық стартаптарын дамытуға бағытталған ынтымақтастықтың жаңа кезеңі

15 сәуірде Astana Hub - Орталық Азиядағы ең ірі инновациялық орталық пен Enterprise Incubator Foundation (EIF) - Армениядағы инновацияларды қолдау саласындағы жетекші ұйым ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.


Бұл бастама екі ұйымның әріптестікті нығайтып, өңірдегі инновациялар, технологиялық кәсіпкерлік пен стартап-экожүйесін дамытуды қолдау мақсатында  етене жұмыс істеу ұмтылысын көрсетеді.

Меморандумға қол қою Astana Hub пен EIF арасындағы ынтымақтастықтың жаңа кезеңге өткенін білдіреді. Бұл серіктестіктің мақсаты –  инновациялар, тәжірибе және ресурстармен алмасу үшін қолайлы орта құру. Сондай-ақ Қазақстан және Арменияның технологиялық стартаптары мен компаниялары мүмкіндігін кеңейту.

Кездесу қорытындысы бойынша қатысушылар бұл стратегиялық серіктестіктің нәтижелі болатынына сенім білдірді. Инновация мен кәсіпкерлікті қолдауға бағытталған бірлескен бастамалар екі тарапқа да тиімді болады деп күтіліп отыр.

Astana Hub туралы

Astana Hub –  Орталық Азиядағы ең ірі технопарк, оның қызметі ІТ-бизнес үшін экожүйені құруға және дамытуға, ІТ мамандарын дайындап, стартап жобаларды қолдауға бағытталған. Бүгінгі таңда технопаркте 1400 IT-компания тіркелген, оның ішінде 400-ден астамы шетелдіктердің қатысуымен. Оларға бизнесті дамыту және масштабтау бағдарламалары, арнайы салықтық және визалық шарттар, ақпараттық-білім беру, материалдық инфрақұрылым және тағы басқа қолдау көрсетіледі.

EIF туралы

Enterprise Incubator Foundation (EIF) – Армениядағы инновацияларды қолдау саласындағы жетекші ұйым. Инновациялар, технологиялық прогресс және компаниялардың дамуы үшін табысты орта құру арқылы Арменияда ақпараттық-коммуникациялық технологиялар секторының дамуына ықпал етеді. Олардың қызметі осы секторды дамытудың барлық аспектісін қамтиды: АКТ-ға байланысты құқықтық және бизнес пен білім беру саласындағы реформалар, инвестицияларды тарту және стартаптар үшін қаржыландыру схемаларын құру, IT-компаниялар мен инжинирингтік компанияларға арналған жеке қызметтер мен консалтинг.

Пікірлер 4

Кіру пікір қалдыру үшін