Құжатқа Astana Hub бас директоры Мағжан Мадиев пен EmAI негізін қалаушы Тоғжан Қожалы қол қойды.
Әріптестіктің негізгі бағыты – Health Tech Lab HAQ жобасын іске қосу. Бұл – Қазақстанда алғаш рет медициналық технологиялар мен жасанды интеллектке негізделген шешімдерді сынақтан өткізу, енгізу және кеңінен қолдану үдерістерін бір жүйеге біріктіретін алаң. Жоба аясында медициналық деректер инфрақұрылымын (Data Trust) қалыптастыру, шешімдерді сынақтан өткізу және сертификаттауға арналған AI Sandbox-ты іске қосу, телемедицина қызметтері мен цифрлық клиникаларды енгізу, мемлекеттік ақпараттық жүйелермен байланыс орнату, сондай-ақ medtech-стартаптарды қолдау және дамыту көзделген.
Бастама денсаулық сақтау саласының жаңа үлгісін қалыптастыруға ықпал етеді. Осылайша, цифрлық шешімдер дәрігерге жүгіну уақытын едәуір қысқартып, диагноз қою дәлдігін арттыруға, жүйеге түсетін жүктемені азайтуға және өңірлердегі медициналық қызметке қолжетімділікті кеңейтуге мүмкіндік береді.
EmAI аталған жобаның технологиялық серіктесі әрі негізгі шешімдерді әзірлеуші ретінде қатысады. Компания бұған дейін дәрігерлерге тәулік бойы қол жеткізуге мүмкіндік беретін телемедициналық платформаны, науқастармен өзара әрекеттесуді автоматтандыратын жасанды интеллект көмекшісін, сондай-ақ медициналық қызмет сапасын бақылауға арналған шешімдерді іске қосты.
Тараптардың бірлескен бастамасы медицинада жасанды интеллект бағытындағы шешімдерді дамытуға негіз болып, Қазақстанның цифрлық денсаулық сақтау саласындағы өңірлік орталық ретіндегі рөлін нығайта түседі.