Іс-шараға ғалымдар, жоғары оқу орындары, стартап-экожүйе, технологиялық компаниялар және шетелдегі қазақстандық ғылыми диаспора өкілдері қатысты. Кездесу барысында қатысушылар ғылыми идеялар мен зерттеу нәтижелерін технологиялық өнімге айналдыру жолдарын, әзірлемелерді нарыққа шығару үшін қандай қолдау қажет екенін, сондай-ақ бұл үдерістегі университеттердің, индустрияның, инвесторлардың, акселерациялық бағдарламалардың және халықаралық кәсіби қауымдастықтардың рөлін талқылады.
Талқылауға Astana Hub бас директоры Мағжан Мадиев, Astana Hub CEO-сының ғылыми кеңесшісі Әлия Сембаева, Ritsumeikan Asia Pacific University университетінің профессоры әрі вице-президенті Серік Мейірманов, Biodock Inc. компаниясының негізін қалаушы әрі бас директоры Нұрлыбек Мурсали, Nazarbayev University ассистент-профессоры Гүлсім Күлшарова, Astana IT University профессоры және IEEE Kazakhstan Section төрағасы Дидар Еділхан, сондай-ақ Astana Hub технологиялық орталықтар офисінің директоры Анарбек Өтегұлов қатысты.
Қатысушылар ғылым мен технологияға негізделген стартаптарды дамыту үшін мықты идеяның өзі жеткіліксіз екенін атап өтті. Ғылыми әзірлемені нарыққа шығару үшін кәсіби команда, нарық сұранысын түсіну, алғашқы клиенттер мен пилоттық жобалар, менторлық қолдау және қаржыландыруға қолжетімділік қажет.
Талқылау барысында Astana Hub ғалымдар мен зерттеу топтарына арналған практикалық технологиялық орта ретінде таныстырылды. Инновациялық кластер стартаптарды дамытуға қажетті инфрақұрылымды, білім беру және бизнес-бағдарламаларды, кәсіпкерлер мен сарапшылар қауымдастығына, венчурлік құралдарға, корпоративтік серіктестерге және халықаралық ауқымдандыру бағдарламаларына қолжетімділікті ұсынады.
Қатысушылар жасанды интеллект бағытындағы жаңа бастамалардың, технологиялық орталықтардың және инновациялық командаларды қолдау бағдарламаларының маңызына да ерекше тоқталды.
Іс-шара аясында Astana Hub пен Qazaq International Science & Technology Association (QIST) арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.
Құжат Қазақстанның технологиялық экожүйесі мен шетелдегі қазақстандық ғалымдар, зерттеушілер және ғылым мен технология саласындағы мамандар қауымдастығы арасындағы байланысты нығайтуға бағытталған. Тараптар ғылыми-технологиялық бастамаларды бірлесіп қолдауға, ғылыми әзірлемелер негізінде стартаптарды дамытуға ықпал етуге, сондай-ақ ғалымдар, университеттер, стартаптар және индустрия арасындағы өзара байланысты күшейтуге ниетті.
Astana Hub пен QIST арасындағы ынтымақтастық ел ішіндегі зерттеушілер мен шетелдегі ғылыми диаспора арасында тұрақты байланыс орнатуға мүмкіндік береді. Бұл сараптамалық қолдау көрсетуге, халықаралық кәсіби байланыстарды кеңейтуге, бірлескен жобаларды дамытуға, тәжірибе алмасуға және ғалымдарды Қазақстандағы технологиялық кәсіпкерлікті дамытуға тартуға жол ашады.
«From Science to Startup» кездесуі ғылыми орта мен стартап-экожүйе өкілдерінің ашық пікір алмасуына мүмкіндік берген алаңға айналды. Кездесу қорытындысында қатысушылар ғалымдарға ғылыми идеядан бастап технологияны нарыққа шығаруға дейінгі жолда жүйелі қолдау қажет екенін атап өтті. Бұл бағыттағы бағдарламалар инкубация және акселерация тетіктерін, зияткерлік меншік саласындағы қолдауды, индустриялық пилоттық жобаларға, венчурлік қаржыландыруға және халықаралық нарықтарға қолжетімділікті қамтуы тиіс.