Astana Hub және Women in Tech Kazakhstan әйел-стартапшыларды қолдау үшін күш біріктірді

Astana Hub Women in Tech Kazakhstan қауымдастығымен бірлесіп, Қазақстандағы әйел-стартапшылардың алдында тұрған қиындықтарды талқылауға арналған онлайн-сессия ұйымдастырды.


Кездесуге экожүйенің негізгі өкілдері – әйел-кәсіпкерлер, венчурлық қорлардың өкілдері және институционалдық серіктестер қатысты. Олар әйелдер негізін қалаған стартаптардың дамуын тежейтін басты мәселелерді жан-жақты қарастырды.

Алғаш рет елдің үш инновациялық хабы – Astana Hub, MOST Business Intelligence және Terricon Valley – инвесторлармен, әйел-стартапшылармен және арнайы қонақ – Silkroad Innovation Hub өкілдерімен бірге өзекті мәселелерді талқылап, идеяларымен бөлісті.

Қатысушылар өз тәжірибелерімен бөлісіп, технологиялық салада әйелдерге арналған инклюзивті және қолайлы орта қалыптастыруға бағытталған нақты бастамалар ұсынды. 

Бұл шара әйелдердің технологиялық кәсіпкерліктегі рөлін нығайтуға, инвестицияларға қолжетімділігін кеңейтуге және стартаптардың өсуіне қолайлы жағдай жасауға арналған ауқымды бастаманың алғашқы қадамы болды. Astana Hub пен Women in Tech Kazakhstan-ның Female Founders track бағдарламасы алдағы уақытта серпінді стартап-экожүйені дамыту бағытында жұмысын жалғастырады.

Пікірлер 1

Кіру пікір қалдыру үшін