Astana Hub өңірлерге жол тартты
Astana Hub Қазақстанның 15 қаласында IT саласын дамытудың жаңа жобасын іске қосады.
Біз технологиялық кәсіпкерлікке қызығушылық танытатын адамдар қауымдастығын құрамыз. Өңірлік өкілдер it кәсіпкерлік саласында іс-шаралар өткізумен және Astana Hub білім беру және бизнес бағдарламаларына одан әрі тарту үшін перспективалы стартаптар қоғамдастығын құрумен айналысатын болады.
Неліктен бұл маңызды?
"Бүгінгі таңда стартап community негізгі күштері Нұр-сұлтан және Алматы мегаполистерінде шоғырланған, ал өңірлер тиісті назарсыз қалып отыр. Сонымен қатар, біздің елімізде қажетті қолдау көрсете алатын таланттар аз емес екеніне сенімдіміз" - деп атап өтті Astana Hub бас директоры Мағжан Мәдиев.
Бізге Ақтөбе, Ақтау, Атырау, Көкшетау, Қостанай, Орал, Өскемен, Павлодар, Тараз, Түркістан, Жезқазған, Қызылорда, Петропавл, Талдықорған және Шымкент қалаларындағы өкілдер қажет.
Өңірлік менеджерлерді іріктеу критерийлері:
✔ Стартап және технологиялық кәсіпкерлік саласын дамытуға ниет білдіру;
✔ Қазақ, орыс тілдерін білу міндетті, ағылшын тілін білгені дұрыс;
✔ Іс-шараларды ұйымдастыру тәжірибесі;
✔ Белсенділік және тартымдылық, стандартты емес міндеттерді шешуге дайындық
✔ IT / экономика / бизнес / Әлеуметтік ғылымдар саласындағы жоғары білім;
✔ Аралас салалардағы жұмыс өтілі 1 жылдан кем емес.
Өтінімдер 10 қыркүйекке дейін қабылданады.
Толығырақ сілтеме бойынша
Пікірлер 0
Кіру пікір қалдыру үшін