Astana Hub технопаркі Techpreneurs сервистік платформасына өтініш қабылдай бастады

Перспективалы IT-өнімдерді жасайтын жобаға қатысушы командалар Seed Money бағдарламасы бойынша 20 миллион теңгеге дейін қаржы ала алады.


Astana Hub халықаралық технопаркі қызметтерді бір-бірінен бөлек таңдау мүмкіндігі бар Techpreneurs стартаптарды үздіксіз қолдау бағдарламасына өтініш қабылдай бастады. Өтініштер кез келген кезеңдегі IT-жобалар бойынша қабылданады - идея немесе MVP, тұрақты сатылымдар - product/market fit немесе стартаптың белсенді дамуы және масштабталуы - scale.

Бағдарламаға қатысушылар өтініштер негізінде іріктеледі. Іріктеу процесі екі кезеңді қамтиды: скрининг – жобаның іріктеу критерийлеріне сәйкестігін бағалау; диагностика – сұхбат негізінде сарапшының жобаны бағалауы. Бағдарлама мерзімі  стартаптың сұранысы мен қажеттіліктеріне байланысты, әр жоба бойынша өзінің оқу жоспары құралады.

Барлық воркшоптар, шеберлік сабақтары, жеке консультациялар мен тартымды кездесулер онлайн өткізіледі, сондықтан платформаны елдің және әлемнің түкпір-түкпіріндегі кез келген адам қолдана алады.

Платформада стартапқа жеке трекер тағайындалады, ол мақсатқа жетуге, гипотезаларды тексеруге және жобаны жақсартуға көмектеседі және жобаны әзірлеуге қажетті кеңестер мен бағыт береді. Сондай-ақ команданың тиімділігі, өсуі мен мотивациясының динамикасын бақылау үшін жобалар ай сайын диагностикадан өте алады.

Қатысушыларға әртүрлі саладағы жергілікті және шетелдік сарапшылар маркетинг, қаржы, инвестиция тарту, сату, өнімді әзірлеу, заңтану және т.б. бойынша жеке консультация береді. Әрбір стартап өзіне жеке сарапшы таңдай алады.

Invest Day аясында Techpreneurs қатысушылары өз жобаларын бизнес-періштелерге, инвесторларға, VC қорларына ұсына алады.

Бағдарламаның барлық қатысушыларына салықтық преференциялар мен қолайлы жағдайлар, Astana Hub серіктестерінің қызметтеріне жеңілдіктер қарастырылған. Сондай-ақ белсенді және перспективалы қатысушыларға PR-қолдау көрсетіледі. Олар сұхбаттардың, тікелей эфирлердің, платформадағы және әлеуметтік желілердегі жарияланымдардың басты кейіпкеріне айналады.

Techpreneurs бағдарламасы туралы толығырақ мына сілтеме арқылы білуге болады.

Пікірлер 0

Кіру пікір қалдыру үшін