Жеке кабинеттегі бизнес-жоспар — Astana Hub-пен одан әрі жұмыс істеудің негізі
Astana Hub қатысушылармен өзара іс-қимылдың негізгі процестерін кезең-кезеңімен цифрлық форматқа көшіруде. Енді бизнес-жоспарды электрондық пошта арқылы құжат жібермей-ақ, тікелей astanahub.com порталында цифрландыруға, сақтауға және жаңартуға болады.
Бизнес-жоспарды цифрландыру — порталдың жаңа функцияларын пайдалану үшін міндетті алғашқы қадам. Цифрландырудан кейін қатысушыларға келесі мүмкіндіктер қолжетімді болады:
- қатысушы мәртебесін ұзартуға өтінім беру;
- қызметтің басым түрлерін өзгерту және толықтыру;
- компания қызметіндегі өзгерістерді ескере отырып, бизнес-жоспарды жаңарту;
- бизнес-жоспар нұсқаларының архивін және өзгерістер тарихын порталда сақтау.
Осылайша, бизнес-жоспар компанияның қызметі, өнімдері, көрсететін қызметтері, командасы және қаржылық көрсеткіштері туралы өзекті ақпараттың бірыңғай көзіне айналады.
Бизнес-жоспар және салықтық жеңілдіктерді растау
Өзекті бизнес-жоспар ақпараттандыру саласындағы қызметтерден түсетін кірістер бойынша корпоративтік табыс салығын (КТС) 100%-ға азайту шарттарына сәйкестікті жыл сайын растау үшін де қажет. Тексеру барысында компанияның нақты көрсеткіштері бизнес-жоспардағы деректермен салыстырылады.
Салықтық жеңілдіктерді қолдану талаптарына сәйкестікті растау туралы толығырақ «Ақпараттандыру саласындағы қызметтерден түскен кірістер бойынша корпоративтік табыс салығын азайту: сәйкестікті қалай растауға болады» мақаласынан оқи аласыз.
Қатысушылар не істеуі қажет?
Бизнес-жоспардың қазіргі жағдайына байланысты екі сценарий қарастырылған:
- Егер бизнес-жоспар әлі цифрландырылмаған болса
- astanahub.com порталына компания басшысының ЭЦҚ көмегімен кіріңіз.
- «Менің компанияларым» бөліміне өтіңіз → қажетті компанияны таңдаңыз → «Бизнес-жоспар» бөліміне өтіңіз.
- Егер бетте бизнес-жоспарды цифрландыру қажеттілігі туралы мәтін көрсетілсе, «Бизнес-жоспарды цифрландыру» батырмасын басып, барлық бөлімді ретімен толтырыңыз.
- Компания, өнімдер, қызметтер, кірістер мен шығыстар туралы өзекті мәліметтерді енгізіңіз.
- Егер бизнес-жоспар цифрландырылған болса
- «Бизнес-жоспар» бөлімінде компанияның электрондық форматтағы бизнес-жоспары және «Бизнес-жоспарды жаңарту» батырмасы көрсетіледі.
- Компания, өнімдер, қызметтер және қаржылық көрсеткіштер туралы ақпараттың өзектілігін тексеріңіз.
- Деректердің компанияның нақты қызметіне және қатысушы куәлігінде көрсетілген қызметтің басым түрлеріне сәйкес келетініне көз жеткізіңіз.
- Қажет болған жағдайда «Бизнес-жоспарды жаңарту» функциясы арқылы бизнес-жоспарды өзектендіріңіз.
Бизнес-жоспарды цифрландыру мерзімі — 2026 жылғы 30 қарашаға дейін
Astana Hub-тың барлық қатысушыларынан бизнес-жоспарларын цифрландыруды және бұрын енгізілген деректердің өзектілігін тексеруді сұраймыз.
Бизнес-жоспарды цифрландыру жөніндегі нұсқаулықпен танысу
Бизнес-жоспарды цифрландыру мәселелері бойынша Astana Hub порталындағы AlemGPT жасанды интеллект көмекшісіне жүгіне аласыз.